ШҚО-да түн ортасында жарқырап жанатын көл табылды (видео)
Опубликовано:
Аягөзде түн ортасында жарқырап жанатын көл табылды. Бұл туралы «Қазақстан» арнасы хабарлайды.
Су айдыны Балқаш пен Аягөздің арасында жатыр. Ерекше құбылыс жылдың бір ғана мезгілі - шілде айының ортасында болады екен.
Бұл көл неге түнде жарқырайды? Су түбіне фосфор шөгіндісі жиналып қалған ба, әлде, көл жалтырауық жәндіктердің әсерінен көк түске бояла ма?!
«Түнде жанатын себебі - көлде жарқырауық шаяндар бар», - дейді су жағасындағылар. Ал бұл жәндіктер Тынық мұхитында мекендейтін болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/816583-shqo-da-tun-ortasynda-zharqyrap-zhanatyn/