Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзгелерді құтқарамын деп өз өмірін қиған дәрігерлер туралы не білеміз

Опубликовано:

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі қазақстандық дәрігерге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды. Олег Исаев пен Қалихан Қозбағаров коронавирус пандемиясымен күресте алдыңғы шепте жүріп қайтыс болды. Осы орайда NUR.KZ редакциясы өзгелерді құтқарамын деп, өз өмірлерін қиған тұлғалар жайлы толығырақ мәлімет біреуді жөн көрді.

Олег Исаев. Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Олег Исаев. Фото: Денсаулық сақтау министрлігі: UGC

Олег Николаевич Исаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 26 жыл өмірін сүйікті ісіне және Гиппократқа берген антын орындауға арнаған. 20 жыл бойы Көкшетау қалалық ауруханасында қызмет еткен.

Семей медициналық институтының түлегі. 2006 жылы Көкшетау қалалық ауруханасының анестезиология және жансақтау бөлімінің меңгерушісі болған.

Олег Исаев өзінің шынайылығымен, мейірімділігімен, еңбекқорлығымен және талапкерлігімен ерекшеленетін. Оған қоса, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары еді.

Ғылыми мақалалары мен жұмыстары басылымдарда жарық көрген. Сонымен қатар елдің 10 үздік анестезиологтарының қатарына енген.

Қалихан Қозбағаров. Фото: diapazon.kz
Қалихан Қозбағаров. Фото: diapazon.kz: UGC

Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болып қызмет еткен. Өзі 1960 жылы сол өңірде туған. Ақтөбе медициналық институтының түлегі. 36 жыл өмірін медицина саласына арнаған.

Қызметтік жолын Хромтау аудандық ауруханасында инфекционист дәрігер болып бастаған. Кейіннен осы қаладағы денсаулық сақтау ұйымдарында түрлі қызметтерді атқарды.

2012 жылы Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болды.

Үнемі біліктілігін арттырып жүретін.

Өңірде коронавирус таралған алғашқы күндерден бастап індетпен күрес жұмысын ұйымдастырды.

Ол басқарған аурухана бірінші болып вирусқа жұқтырған науқастарды қабылдай бастады. Covid-19 диагнозы қойылған адамдар, соның ішінде ауыр хәлдегілер дәл осы инфекциялық ауруханаға жатқызылған.

Қалихан Қозбағаров сауатты маман және кәсіби басшы ретінде әріптестері мен туған-туыстарының есінде қалады.

Кәсіби біліктілігі үшін ол түрлі медальдармен марапатталған. Қалихан Қозбағаров пневмониядан көз жұмды. Ол медицина қызметкерлері үшін мәңгілік үлгі болып қалмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия құрбандарының жақындары мен туыстарына көңіл айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864666-zgelerdi-ktkaram-dep-z-mirlerin-kigan-drigerler-turaly-ne-bilemiz/

pixel