Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пышақпен қорқытты: Қарағанды тұрғыны 74 жастағы зейнеткерді тонап кетті

Опубликовано:

21 қараша күні Михайловск ауданы полиция бөліміне 74 жастағы зейнеткер шағым түсірген. Ол үйіне кіріп келген белгісіз адамның 47 жастағы қызы екеуіне пышақпен қоқан-лоқы көрсеткенін және ақша мен бағалы заттарын алып кеткенін айтқан деп хабарлайды "Newtimes.kz" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: rubic.us
Көрнекі фото: rubic.us: Instagram

Жедел-іздеу шаралары барысында полицейлер 50 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Ол өз кінәсін мойындаған екен.

Дәл осыған ұқсас жағдай 22 қараша күні болыпты. Онда белгісіз біреу 68 жастағы зейнеткердің үйіне кіріп, пышақпен қорқыту арқылы ұялы телефонын алып кеткен.

Бұл жағдайдан соң полиция қызметкерлері 41 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Қазір екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар уақытша тергеу изоляторында отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1765551-pysakpen-korkytty-karagandy-trgyny-74-zastagy-zejnetkerdi-tonap-ketti/

pixel