Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да бір әулеттің ұрпағы 600 жылдық ғұмырын бала оқытуға арнаған (фото)

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында тұратын Ысқақ әулетінің ұрпақтары қызығы мен қиыншылығы қатар ұстаздық жолда жүр. Оларды көпшілік "Ұстаздар династиясы" деп атап кетен. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ  тілшісі хабарлайды.

Ұстаздық өтілдері 600 жылды құрайтын әулеттің 20 шақты мүшесі білім саласын меңгерген. Мұғалімдікті міндет тұтқан әулеттің алғашқы перзенті - ҚазССР-на еңбегі сіңген мектеп мұғалімі, марқұм Сұлтан Ысқақ. Сұлтан Ысқақ өткен ғасырдың ортасына қарай Төлеби ауданынан Ордабасыға көшкен соң мектеп салуды көздейді. Ол арманы жүзеге асады да.

«Бұл жердегі балдар Қызылтудағы 4 жылдық мектепке қатынап оқитын. Әкем ауылға келе салып мектеп салуды ойластырып, басшыларға ұсыныс айтады... Содан ауылмен асарлатып мектеп салады. Атын Абай атындағы мектеп деп өзі қояды», - дейді Сұлтан Ысқақтың ұлы, бүгінде ардагер ұстаз атанып отырған Әбдіқайым Ысқақ.

Мектеп салынған соң Сұлтан Ысқақ аталған білім ошағына директор болады. Оның жолын ұлы Әбдіқайым жалғастырады. Қырық жылдай білім беру ісіне етене араласқан Әбдіқайым қария да осы қара шаңырақтың ардагері. Еңбек өтілінің 20 жылында әкесі басқарған мектепте директор болады. Әбдіқайым ақсақалдың перзенттері де ата жолын қуған. Қариядан тараған алты ұл мен үш қыздың бесеуі де мұғалімдік жолды таңдаған. Олар елге белгілі жазушы Әкім Ысқақ, Әбдікәрім, Гүлжан, Гүлмира мен Гүлсары Ысқақтар. Әбдіқайым ақсақалдың бес келіні де мұғалім.

80 жастан асқан ақсақалдың 7 немересі де ата жолын жөн көріп, білім саласын меңгерген. Қазіргі таңда Сұлтан Ысқақ негізін қалаған мектепте әулеттің үш келіні мен екі қызы, бір ұлы еңбек етеді. Бүгінде әулеттің қариясы атанып отырған Әбдіқайым Ысқақ ұстаз үшін шәкірт тәрбиелеп, оның жетістігіне куә болу - өзіндік бір бақыт дейді. Қысқасы, қазіргі таңда бір әулеттен шыққан ұрпақтың жалпы ұстаздық еңбек өтілі 600 жылды құрап отыр. Яғни, соңғы 77 жылдан бері төрт буын білім саласын меңгерген.

Тағы оқыңыздар:

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы туған анасына толғанысын жеткізді (фото)

Өмірінде қарды бірінші рет көрген шаңғышы желіде жұлдыз болды (видео)

8 жасар қыздың өліміне әкелген жол апатының мән-жайы белгілі болды

Айсәуле Бақытбек түрмедегі әкесін шығару үшін күресетінін айтты

Еліміздің кейбір аймақтарында жауын-шашын күтіледі

Элизабет Тұрсынбаева Азия ойындарын сәтсіз бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1418339-oqo-da-bir-aulettinh-urpaghy-600-zhyldyq-ghum/

pixel