Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ халқы не үшін жеті атаға дейін қыз алыспайды?

Опубликовано:

Жеті атаға дейін туыс жандардың отау құрмайтын дәстүрі мұсылман халқының ішінде тек қазақтарға ғана тән. Аталмыш үрдістің сыры неде? Бұл мәселе жөніде тарих беттерінде жазылған мәліметтерге шолу жасасақ.

Тарих беттерінде XV ғасыр алтын әріптермен жазылған. Өйткені бұл кезеде алғаш рет қазақ хандығы құрылып, Керей мен Жәнібек хандары ел басқарған.

Күндердің күнінде Жәнібек ханның кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, тұра алмай қалады. Хан жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Кейін Жәнібек хан Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады.

Талай емші дертін таппай жүрген Жиренше Өтебойдақтың емінен кейін толық сауығып кеткен. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты. Көп сұрақтарға қонымды жауаптар алып, соңғы сұрағына алған жауабы бүкіл қазақ елінің өміріне өзгеріс алып келген. Ол - жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі.

Өтейбойдақ емші Жәнібек ханға тұқым қуалайтын аурулардың емделуі күрделі екендігін айтып, ауруды алдын-алу үшін жеті атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керектегін нақты дәлелмен келтірген.

Сол уақыттан бері емшінің айтқанымен Жәнібек хан «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығарған.

Содан кейінгі қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты.

Ал Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты шипагерлік кітап жазған адам.

Жеті атаға дейін үйленбеудің сырын ашқан қазақтың алғашқы шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының құрметіне орай Шымкентте тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мүсіні орнатылды.

Шипагер 95 жыл ғұмыр кешіп, осыдан 525 жыл бұрын өмірден өткен, халқымызға өшпес мұра қалдырып, денсаулық саласында өз заманының майталманы болған.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

"Еуразия барысы" әлем кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

Байбек жеңіске жеткен қазақ балуандарына 10 млн теңге тапсырды

Ақтауда 93 жастағы соғыс ардагері терезеден құлап, қайтыс болды (видео)

"Сталин" мен "Ленин" барша қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады (видео)

Астаналық бай-бағландар ерке балалары үшін жаңа жылдық кешке қанша ақша шашады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1708290-qazaq-khalqy-ne-ushin-zheti-atagha-deyin-qy/

pixel