Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтыстан шеттетілген белгілі ақын "Алтын домбыра" жүлдесіне ие болды (видео)

Опубликовано:

Белгілі ақын Жандарбек Бұлғақов екінші мәрте "Алтын домбыра" жүлдесіне ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазды.

"Жыл сайын өтетін "алтын домбыра" айтысына қатыспағаныма 3-4 жылдың жүзі болып қалыпты. Əр түрлі жағдайларға байланысты аламан айтыстан шеттетіліп қалсам да, биылғы жылдың қорытынды айтысы "Алтын домбыраға" Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі қосып, арнайы қабылдауына шақырып, айтыс алдында ақ батасын берді.

Халықпен қайта қауышуымызға мүмкіндік туғызған ағамызға алғысым шексіз. Ақтөбелік жанкүйерлерімді ертең жаңа ашылған "Өнер" орталығында күтемін. Қай жерде айтыссүйер халық жиналса, сол жерде жүру керекпіз деп ойлаймын! Сенімдеріңізді ақтау біздерге міндет, жанкүйер болу сіздерге міндет!", - деп жазды ол.

Еске салсақ, алғаш рет ол "Алтын домбыра" жүлдесіне 2013 жылы иеленген еді.

Ал бұл жолы ол жүлдеге қоса 3 млн теңгелік қаржылай сыйақы да алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1706820-aytystan-shettetilgen-belgili-aqyn-al/

pixel