1685359 Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар: Бұл жағдай біздің мектепке зиянын тигізді | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

ОҚО-да мұғалімдерді "жезөкше" деп атаған директор жұрттың намысына тиді (видео)

ОҚО-да ашынған ұстаздар басшының сорақы әрекеті мектеп атына кір келтірді деп намыстануда. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ОҚО-да мұғалімдерді "жезөкше" деп атаған директор жұрттың намысына тиді (видео)

Көрнекі фото желіден алынды

Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылындағы 50 жылдық мектептің ұстаздары екі топқа бөлініп, бір-біріне жауға айналған. Мұғалімдердің бір тобы мектеп директорын қолдаса, екіншісі басшыларының әрекетіне наразы.

Айтуларынша, білім ұясының директоры Сара Қыстаубаева мұғалімдерді бір-біріне айдап салады. Басшылыққа жағу үшін ұжымдағы қызметкерлер әріптестеріне қарсы айғақты дәлел жинап жүреді екен. Сол себепті, оқытушылар жұмыста жүргенде қорқып, үркіп жүреміз дейді.

"Сыртымыздан суретке түсіріп, өзімізге қарсы қолдана ма деген үреймен жүреміз. Жиналыстарда намысымызға тиеді. Ашықтан ашық "жөзекше" деп айтатын сөздері бар. Мұстафа деген азамат үнемі мектепке келеді. Сара Өктемқызы екеуінің арасында байланыс бар деп барлығы айтады. Бұл жағдайды ауыл тұрғындары, оқушылар, мұғалімдер, аудан басшылары да біледі екен. Ал біз екеуінің үстінен ұстап алмағандықтан, факт келтіре алмаймыз. Бірақ, бұл жағдай біздің мектепке зиянын тигізді", - дейді тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Ғазиза Пралиева.

Ал қоластындағылардың назына пікір білдірген мектеп директоры болса, қызметкерлердің айтқаны жалған деп отыр.

Айтуынша, орынбасарлары әдейі жала жауып, өздерінің заңсыз әрекеттерін ақтап алғысы келеді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі екі орынбасарының үстінен ата-аналар баламызды ұрды деп арыз жазған екен.

"Екі орынбасарым оқу кезінде оқушыларды сабаған. Олардың соққысынан кейін, балалардың үстінде із қалған. Бірақ өкініштісі медициналық сараптама жоқ. Арызды құзырлы орган өкілдеріне жібердім. Ал олардың айтқан сөздері жалған. Мен мұнымен келіспеймін", - дейді мектеп директоры Сара Қыстаубаева.

Қапланбек ауылындағы 50 жылдық мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары балаларымды ұрды деп арыз жазған ата-аналармен қазір ортақ келісімге келген. Тіпті, оқушылардың әке-аналары жазған арыздарынан бас тартыпты.

Мектеп ішіндегі кәсіподақ төрағасы екі тарапты бір келісімге келтіріп, татуластыру оңай шару емес дейді. Өйткені директор өз сөзінен тайынбай, орынбасарларын қудалай бермекші екен. Ал Сарыағаш аудандық білім бөлімінің мамандары мектеп басшылығынан қорлық көрген мұғалімдерге көмек көрсетуге дәрменсіз көрінеді.

Тағы оқыңыздар: 

Атырауда жұмыстасын пышақтап тастаған күзетші үш жылға сотталып кетті

Ресейлік бала күтуші қызғаныштан үй иесінің әйелін өлтіріп тастады

Атышулы Жириновский алтыншы рет президент сайлауына түспекші

Тұрсынғали Алагөзовты қылмыстық ісі бойынша тергеді

Оңтүстікте мұнай құбырынан шикізат ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 46

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .