Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаевтың "алғашқы махаббаты" қазір қайда жүр?

Опубликовано:

Кезінде "Алғашқы махаббат" фильмі арқылы елдің көзайымына айналып, талайларды көркімен өзіне ғашық еткен "мылқау" Әйгерімнің образы ел есінде. Мейрамбек Беспаевпен бірге бала махаббат иесін сомдаған ару қазір қайда жүр?

"Алғашқы махаббат" фильмінде "мылқау" қыздың рөлін, Мейрамбек Беспаевтың ғашығын сомдаған ару Нәзира Бақаева - бүгінде талантты режиссер Ақан Сатаевтың жары.

Ол жары Ақанмен "Аллажар" фильмінің түсірілімі кезінде танысып, көңіл жарастырған екен.

Қазіргі таңда Нәзира бес баланы тәрбиелеп отырған аяулы жар атанған.

Басынан орамалын тастамайтын әйел Instagram парақшасын белсенді түрде жүргізіп, елмен кері байланыс орнатқанды жөн санайды.

Назира Бақаева мен Ақан Сатаевтың үлкен қызы Марйам да өзін актриса ретінде сынап жүр. Ол әкесі түсірген "Районы" кинокартинасында басты рөлдердің бірін сомдаған.

Нәзира тек қана имандылығымен ғана емес, стилі және көркі арқылы да елдің көңілінен шығып жүр.

Одан кеңес сұрап, жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіретін оқырмандары да көп.

Нәзира Бақаева мен Ақан Сатаев өнер саласындағы түрлі шараларға, кинокөрсетілімдерге үнемі бірге барып, ел көзінен тасаланбайды.

Нәзира фототүсірілімдерге барып, отбасылық өмірін қызықты етуге тырысады.

НТК арнасына берген сұхбатында Ақан Сатаев әйелінің киноға түсіп, актрисалық мансабын ары қарай жалғастыруға бөгет болмағанын айтады. Нәзира үйде отырып, бала тәрбиелеу ісін өз еркімен таңдаған.

Нәзираның орамал тағып, отбасына көңіл аударуын жұрт даналық деп санайды.

"Алғашқы махаббат" фильмі арқылы танылған бойжеткен бүгінде өзінен айнымайтын қызы анасының арманын іске асырып, шебер актриса болатынына сеніммен қарайды.

Тағы оқыңыздар: 

Желіні шулатқан моншадағы видео қаһарманы елден кешірім сұрады (видео)

Тағы бір бүркітші қазақ қызына шетелдік режиссерлер таңдай қақты (фото)

Терактіден кейін алты жыл бойы комада жатқан жасөспірім қыз көз жұмды (фото)

Жартылай жалаңаш мүсінін елге көрсеткен Кәмшат Жолдыбаева елдің ашуына тиді (фото)

Атамбаев: Біз көршілес екі ірі державаны қатты ренжітіп алдық

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1684641-meyrambek-bespaevtynh-alghashqy-makhabb/

pixel