1684099 Мұнымен шектелмеген орынбасар тағы бір танысына мектептің иелігіндегі мемлекеттік автобусты да алып бермек болыпты. | Қазақ тіліндегі бет Қоғам

Семейде бес келі етті пара ретінде алған лауазымды әйелдің басы дауға қалды

Семейде параны етпен алған білім бөлімі басшысының бұрынғы орынбасарына үкім оқылды. 54 жастағы Сара Елеусізоваға сот 9 млн теңге айыппұл салып, өзін сот залынан босатып жіберді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Семейде бес келі етті пара ретінде алған лауазымды әйелдің басы дауға қалды

Семейде параны етпен алған білім бөлімі басшысының орынбасары. Скриншот: КТК

Алайда аталған айыппұлды бір айдың ішінде өтемеген жағдайда түрмеге қамалуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, айыпталушының жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтен аластатылды.

Сара Елеусізова жергілікті балабақша есепшісінің 9 айлық есеп-қисабын кедергісіз жауып бермек болыпты. Сөйтіп бұл "жақсылығына" бар болғаны 7500 теңге тұратын 5 келі етті үйіне әкеп беруін сұраған.

Мұнымен шектелмеген орынбасар тағы бір танысына мектептің иелігіндегі мемлекеттік автобусты да алып бермек болыпты. Бұл көмегі үшін одан алғашында 15 тонна көмір алғысы келген.

Бірақ кейіннен өз ойынан айнып, 120 мың теңге ғана сұрайды. Осылайша, оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент мамандары жұмыс орнында ақша алып жатырған сәтінде қолға түсірген.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Путин: Ресей әскерінің арқасында Сирия мемлекеттігін сақтап қалды

Ғалымдар артық салмақтан арылудың да зияны бар екенін дәлелдеп берді

Джейкобс Головкинді "кәрі төбет" деп атап, оны реваншта сабауға уәде берді

Тәуелсіздік күнінен бұрын Жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық басталып кетті

Дереккөз: КТК арнасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 40

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .