1681446 Қанат: Олардың той жасауға мүмкіндігі болмаған | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Анам алғаш рет ақ көйлек киді: Желіні шулатқан той жайлы қариялардың ұлы айтып берді

Instagram желісіндегі көптеген пабликтерде ақ көйлек киген әжей мен смокинг киген қарияның некесін қидырып тұрған сәтінен видео тарап кеткен еді.

Анам алғаш рет ақ көйлек киді: Желіні шулатқан той жайлы қариялардың ұлы айтып берді

Фото: Instagram-дағы dumanstudio парақшасынан алынды

Желіде таралған тойдың қай қалада өткенін және жасы келген кісілердің бұлай киінуіне не түрткі болғанын олардың ұлы Қанат Әлжанов Tengrinews.kz-ке айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қанаттың айтуынша, салтанатты шара 11 қарашада Екібастұздағы мейрамханалардың бірінде өткен. Ал қариялардың бұлай ерекше киінуіне кезіндегі қаражат тапшылығы себеп болыпты.

"Бұл алтын той болды. Біздің отбасында 10 бала бар, барлығымыз ата-анамызға осындай сый жасауды ұйғардық. 60-шы жылдары олардың қаражат тапшылығына байланысты той жасауға мүмкіндігі болмаған. Әкем анамды алып қашқан, сонымен бітті. Анамызға той көйлегін алып, ол бірінші рет киіп отыр, неке сақинасын алдық, ал әкемізге - смокинг. Нағыз үйлену тойы болды", - дейді Қанат Әлжанов.

Жасы 75-тегі қария мен 70 жастағы кейуана басында бұған қарсы болғанымен кейін ұлдарының тосын сыйына дән-риза болған.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі айтыс ақыны ОҚО-да әкімдердің халықты алдап отырғанына күйінді

Алтынай Жорабаеваға "ТМД-ға еңбегі сіңген қайраткер" атағы берілді (фото)

Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігерді жамандаймын деп басы дауға қалды

Қарағандыда вагон үстінде селфи жасамақ болған жеткіншектер тоққа түсіп қалды

35 жастағы ер адам жыныстық қатынастан бас тартқан әйелін буындырып өлтірді

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 45

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .