1681360 Дәрігер: Қаншама пациенттерімнің, жақын туыстарымның алдында масқара болдым | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігерді жамандаймын деп басы дауға қалды

Көкшетаулық Марина Ермакованың әлеуметтік желіге жариялаған жазбасына қатысты дәрігерлер арыз түсірген болатын. Сотта осы дауға нүкте қойылып көкшетаулық әйел бір жылға бас бостандығынан шектелді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігерді жамандаймын деп басы дауға қалды

Иллюстрациялық фото: moy-sadnk.ru

Оқиға қыркүйек айында болған. Марина Ермакованың күйеуі саусағы іріңдеп кетіп, екеуі қалалық аурухананың қабылдау бөліміне барыпты. Сол күні хирург Болат Біләлов кезекші екен. Кешқұрым келген пациенттерді ол амбулаториялық хирургия орталығына жібереді.

Онда қызмет ақылы болғанына ашуланған Марина шу шығарған. Ақыры үйіне келіп, ғаламтор арқылы дәрігердің мас болғаны, тіпті төбелеспек болып тап бергені туралы жазған. Сөйтіп, Біләловтің басы дауға қалады.

"Қазір дәрігерден жаман адам жоқ. Адам өлтіруші де, мүгедек ететін де, тіпті маскүнем де дәрігер ме? Білесіз бе, менің таныстарым шетелден хабарласты. Мас болып, жұмыста отырғаның рас па деп? Қаншама пациенттерімнің, жақын туыстарымның алдында масқара болдым", - дейді шағымданушы Болат Біләлов.

Ертеңіне дәрігерді басшылары бірден наркология орталығына сараптамаға жіберген. Ол жақта оның арақ ішпегені анықталыпты. Сосын өзіне жала жауып, масқаралағаны үшін Ермакованы сотқа берген.

Дәрігер мен пациенттің арасындағы жанжалды сот екі ай қарап, Марина Ермакованың бір жылға бостандығын шектеді. Сондай-ақ, әйелді 100 мың теңге моральдық шығын өтеуге міндеттеді. Алайда үкіммен келіспеген Марина апелляциялық шағым түсірмекші.

Тағы оқыңыздар: 

"Әлем аруы-2017" атағын үндістандық бойжеткен жеңіп алды (фото, видео)

Трамптың тойынан кейін 12 жыл бойы сақталған торт 2240 долларға сатылып кетті (фото)

Есектегі ханзада: Ауылдағы ерекше той желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)

Иесін сағынған ит құсадан қайтыс болды (фото)

Атырауда сәбиі шетінеп кеткен 40 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр

Дереккөз: КТК арнасы
Мақалада: Кокшетау

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 18

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .