1681187 Шаһар әкімі шенеуніктерге қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігімен жақын танысуды ұсынды. | Қазақ тіліндегі бет Қоғам

Бір ай бойы "халықпен бірге болған" шымкенттік шенеуніктер қызметтік көліктерімен қауышты

16 қараша күні Шымкент қалалық әкімдігінің шенеуніктеріне қызметтік көліктері қайтарылды деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бір ай бойы "халықпен бірге болған" шымкенттік шенеуніктер қызметтік көліктерімен қауышты

Фото: tvk-uko.kz

Айта кетерлігі, осыдан бір ай бұрын бұл қызметтік көліктер тұраққа қойылып, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен аудан әкімдері және олардың орынбасарлары қызметтік көлікті пайдалану мүмкіндігінен айырылған болатын.

"Шаһар әкімі шенеуніктерге қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігімен жақын танысуды ұсынды. Яғни, әкімдіктің лауазымды қызметкерлері басқа да қала тұрғындарымен бірге жұмысқа автобуспен қатынады.

Шенеуніктер автобуспен құр қатынап қана қоймай, қоғамдық көліктердің лық толуы, жолаушыларға көрсетілетін қызмет дәрежесі секілді тұстарда кездескен кемшіліктерді тіркеп отырды.

Нақты айтқанда, шымкенттік шенеуніктер автобустармен тұп-тура 1 апта жүрді. Одан кейін жұмысқа өз еріктерімен – автобуспен, жаяу немесе өздерінің жеке көліктерімен қатынай бастады", – дейді Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айгерім Жұмағұлова.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда алапат өрт болып, оннан астам көлік жанып кетті

Түймебаев: Үлкен елдердің жері тозған соң қытайлықтар бізге көз тігіп отыр

Бірнеше көлік соқтығысқан жерде селфи жасаған журналист жұмыстан қуылды

Жаппай тексеріс жүргізген Бас прокуратура қызметкерлер қатарын "тазалап" шықты

"Адам болған соң, кейде ренжисің": Ақтөбе әкімі өзін сынай беретіндерге өкпесін жеткізді

Дереккөз: TVK

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 15

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .