Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Майғазиевтің анасы жастарды азғыратын "Қалаулымды" жауып тастауға шақырды

Опубликовано:

Сәкен Майғазиевтің анасы жастарды азғыратын "Қалаулым" ток - шоуының жастарға берер тәрбиелік мәні жоқ екенін айтып, ұлы арқылы Аша Матайға сәлемдеме жеткізген. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.

- Мамкаба-а-ай, ассалаумағалейкуууум!

- Уағалейкумәссәләм,

Қолыңды алам,

Сүйдім балам...

- Аман-есен асыл отанымыз, әсем Алматыма жеттім. Денсаулығыңыз қалай?

- Әу, Әләу? Әй, ана "Қалаулымды" жәй қойшы...

- Мә-ә-ә, мама, өткенде ғана "Сәкентай-ау, ана Аша қарындасыңмен күнде бірге жүрсің ғой, менің сәлемімді айтшы. Әнебіреу "Қалаулым" деген бағдарлама не сұмдық?! Ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығып жатқандардың ата-әжесі, әке-шешесі, жақын-жұрағаты ұят болады деп айтпай ма? Жастарға не өнеге бермекші?!", деп маған ұрсып а(лы)п, өзіңі-і-із көруден жіберіп отырғаныңыз қалай?

- ... Ей, анау, әлгі... Сонымен, айттың ба Ашаға?

- Иә, мама, олар өздері де үнемі қоңырау шалып, қатысуымды өтінеді. Бас тартып жүрмін. Бота (Аша) бағдарламаның жүргізушісі, әлгі боқтап сөйлейтіндер (туған-туыстары ұрыспайтындар) актерлер. Халықтың назарын аудару мақсатында жасалған аталмыш арнаның айласы екенін айтып ем ғой. Сіздің сөзіңізді жерге тастамайын деп, "Қалаулым" ұжымына xабарласқам...

- Ым?

- "Мақсатымызға" жеттік, көрермен жинадық, енді жастарды жақсылыққа жұмылдыратын боламыз деп жұбатты, мама. Шақырса бара берейін бе?

- Өзің біл, балам.

- Негізі, барлық бағдарламаға сіз көрсін деп барам ғой, анашым. Ел боламын десең экраныңды түзе!",- деп жазған анасы екеуінің арасындағы диалогты қаз -қалпында берген әнші.

Сәкен Майғазиевтің жазбасын оқыған желі қолданушылары әншінің анасының айтқанына қосылатындарын, "Қалаулымның" тәрбиелік мәні жоқ екенін жазды.

Тағы оқыңыздар:

Баян Есентаева сүйіктісін киноға түсіріп жатыр

Атақты Барби қуыршақтары мұсылманға айналды (фото)

29 жастағы ана тәртіпке бағынбаған ұлын пешке күйдіріп жазалаған

Атыраулық азамат ит қағып кеткені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

Сиви Махмудидің туған күніне достары естен кетпес тосынсый жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1677742-saken-mayghazievtinh-anasy-zhastardy-az/

pixel