1676146 Ауыр жарақат алған азаматшаның жақындары күдіктінің бұл әрекетке әйелімен қосылмағандығы үшін барғанын айтады. | Қазақ тіліндегі бет Қоғам

Шымкентте сақалды жігіт өзге дінге кіріп кеткен әйелін аяусыз пышақтап тастады (видео)

Шымкентте өз әйелін аяусыз пышақтап тастаған қатыгез ер адам өзін видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген. 1983 жылғы азамат бұл қадамға не үшін барғанын да түсіндірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте сақалды жігіт өзге дінге кіріп кеткен әйелін аяусыз пышақтап тастады (видео)

Күдікті азамат. Видеодан алынған үзінді

Күдікті жігіт өзі түсірген бейнежазбада келіншегінің жат ағымға кіріп кеткенін мәлімдеген. Алайда, келіншектің жақындары бұл ақпаратты теріске шығарып, керісінше әйелін аямаған азаматтың өзі өзге ағымның жетегінде екенін алға тартуда.

Ерлі-зайыптылар алты ай бұрын ажырасқанмен, ер азамат келіншегіне күн бермей, қорлық көрсетіп келген. Әдеттегідей таңертең жұмысқа бармақшы болған әйелін аңдыған жігіт оны жолдың қақ ортасында пышақтап кетіпті.

Ауыр жарақат алған азаматшаның жақындары күдіктінің бұл әрекетке әйелімен қосылмағандығы үшін барғанын айтады.

"Умида қасына жатпайтын. Ол оны пышақпен қорқытып, жатқызғысы келетін. Екеуі ажырасып кеткен. Бірақ күйеуі тыныштық бермей, қорқытып жіберген.

Ақыры аңдып, пышақтап тастады. Әділ жазасын алсын дейміз. Ер кісінің өзі сектаға кіріп кеткен сияқты. Сақалын, шашын өсіріп, ала бұжақ болып жүреді", - дейді жәбірленуші азаматшаның жақыны Гүлзат Даулетбаева.

Тағы оқыңыздар: 

Қытайда 18 қабатты зәулім үй жеті секундта жермен жексен болды

Петропавл тұрғыны ұлтараздықты қоздырғаны үшін сотталып кетті

Айқын Төлепберген өзін "жүргіш" деп сөккен тыңдарманына жауап берді

Сот орындаушыларынан әбден қысым көрген ақтөбелік азамат елден көмек сұрады

Қазақстандағы гейлердің өмірі туралы фильм БҰҰ байқауында жеңіске жетті (видео)

Дереккөз: NUR.KZ

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 71

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .