1670805 Бойжеткен: Қан кеткенше зорлап, білгендерін істеді | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Әлемде

Секс-құлдықта болған бойжеткен адам шошырлық жайттарды жайып салды

Секс-құлдықта азапты күндерін басынан кешірген Томск тұрғыны Мария адам шошырлық жайттарды жайып салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы snatchnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Секс-құлдықта болған бойжеткен адам шошырлық жайттарды жайып салды

Секс-құлдық. Көрнекі фото: primrep.ru

22 жастағы Мария Али есімді танысы құрбысы екеуіне қарызға пәтерін паналай тұруға рұқсат бергенін есіне алды. Сол сәттен бастап жігіттің құрығына түскен жас қыздар секс-құлдыққа жегілген.

Али оларды пәтерде қамап қойып, телефондарын тартып алыпты. Клиенттерге қызмет көрсетпеген жағдайда жігіт оларды аяусыз соққыға жығып отырған.

"Бізді ұрып-соғып, тамақ бермей қоятын. Сауналар мен қонақ үйлерге алып кетіп, ер азаматтарға сатты. Клиенттерге жағдайды айтып, қарсылық танытсаң, күш қолданып зорлап тастайтын. Кейін бәрін Алиге жеткізіп, Али де бізді соққыға жығып отырды. Амалсыздан зорлыққа да етімізді үйреттік", - деп қорқынышты күндерін есіне алды ару.

Бойжеткен, тіпті полицейлердің өзі оларды зорлағанын жасырмады.

"Бір күні мені екі полицей жалға алды. Олар мені әбден азаптады. Жүзе алмайтынымды біліп, бассейнге лактырды. Қан кеткенше зорлап, білгендерін істеді. Ондайлардан ешқашан көмек сұрамаймын деп шештім", - дейді Мария.

Марияның анасы оны сол арада әбден іздеп сабылған. Бойжеткен сәті түсіп, анасына өзін қайда қамап қойғанын хабарлап үлгеріпті. Анасы бірден полицияға жүгінгенімен, полицейлер еш әрекет етпеген екен.

"Бізге полиция келді. Кілтіміз болмағасын одан қарама-қарсы пәтерде тұрып жатқан Алиге баруын өтіндік. Полицей ұзақ уақыт бойы пәтерде ешкім есік ашпағасын, үндеместен кетіп қалды. Бізге еш көмектеспеді", - дейді ару.

Бірнеше күннен кейін Али Марияға үйіне барып, анасын тыныштандыруға рұқсат беріпті.

"Оның өзінде артық ештеңе айтпай, бірден кері қайтуымды бұйырды. Айтқандарын орындамасам, ізіме түсіп, анамды да, мені де өлтіретіндерін жеткізді. Мен барлық қоқан-лоққыларына пысқыра қарадым. Тез қайтып келетініме сендіріп, нөмірімді ауыстырдым. Оларға қайтып бармадым", - дейді бойжеткен.

Мария анасына болған жайт туралы тіс жармапты.

"Үйге келгенімде, анамның шаштары түгел ағарып кеткенін байқадым. Сол кезде ол да, ешбір туысым да менің көрген қорлықтарым туралы білмейтін болады деп шештім. Бір жарым жыл өтсе де әлі күнге дейін ер азаматтарға жиіркене қараймын. Өмірлік серігімді де таптым. Алайда оны өзіме жолаттырмаймын. Бірге тұрсақ та, тіпті мені құшақтауына рұқсат бермеймін", - дейі ару.

Тағы оқыңыздар: 

Атышулы барахолкада арзан асханалардың тамағы қалай дайындалады? (фото)

Сүйіктісінен құтылу үшін қыруар ақшасынан айырылған миллиардерлерді білесіз бе?

Ринголық әнші: Ұйғыр болсам да, қазақ тілінде сөйлеймін (видео)

Ел тұрғындарының ең жақсы көретін темір тұлпары қайсы?

Қамауға алынған Араб ханзадалары түрменің орнына бес жұлдызды отельге қамалды (фото, видео)

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 8

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .