Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева өзінде көңілі бар жігіттердің неліктен сырт айналатынын айтты

Опубликовано:

Осыдан бірнеше апта бұрын еліміздің бірқатар БАҚ өкілдері Меруерттің екінші рет тұрмысқа шығуы мүмкін екенін жазған. Алайда ол адамның есімін "айта алмаймын" деген әнші осы ақпараттан кейін өзіне үйленуге үмітті болып жүргендерден айырылып қалғанын "Астана" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Мен онда "Жексенбілік кеш" деп жаздым. Ол менің бауырым шығар, көршім болар. Мүмкін құрбымның жұбайы шығар. Ол суретті мен жарты сағаттан соң, алып тастауға мәжбүр болдым. Кім екенін айтпаймын. Ол бір жақсы, тамаша адам. Жаңа маған Мақпал Жүнісова әпкем "күйеуге тиіпсің ғой?", - деді.

Мен сыртымнан үйлендіріп қойыпты деп айтып жатырмын. Аламын деп үміттеніп жүргендер "тиіп қойыпты" деп қашып кететін болды. Енді айырылып қалатын болдым ешкімге тимей", - деді әзіл-шыны аралас сұхбат берген әнші.

Еске салсақ, Меруерт Түсіпбаеваның жексенбі күні жүктеген суретінде белгісіз ер адамның оған ас әзірлеп жатқанын байқауға болады. Осыдан кейін көпшілік ол адамды әншінің сүйіктісі деген болжам айтты.

Тағы оқыңыздар: 

Голливудтың атақты актері гей екенін мойындады

13 сағат бойы сән көрсетіліміне қатысқан модель аяқ асты көз жұмды

Шәмшінің хит әнін беріле шырқаған орыс әжейлер желіде жұлдыз болды

Білікті маман миллионердің басын қалай "айналдыруға" болатынын айтып берді

Ақтөбеде сақалдылар сатып жүрген телефондарына тыйым салынған уағыз салып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1661559-meruert-tusipbaeva-ozinde-konhili-bar/

pixel