Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік имам: Тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен ішіне жын кірген адамдар көбейген

Опубликовано:

Ақтөбелік имам Мұхаметқали Шүкірәлиев мешітке келіп көмек сұрайтын адамдардың көбейіп кеткенін айтты. Қазір имамдардан жәрдем сұрап жүргендердің қатарында ішіне жын кірген адамдар, жол аштыруды сұрайтын кәсіпкерлер және отырып қалған қыздар көп екен. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Мен бұрын облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде молда болдым. Біздің беретініміз - рухани қолдау. Адамдар емшілерге көп бара береді. Керек емес, олар сенің қуатыңды алып тастайды. Үйде құран оқылмаса да адамды ластық баса береді.

Маған «жолымды ашып берші» дейтіндеп көп. «Саудам жүрмей жатыр» деп кәсіпкерлер, «жолым болмай жүр» деп намаз оқитын жігіттер де келеді. Қыздардың тілегі: түс көрдім, жолым болмай жүр, күйеуге шыққым келеді деген секілді. Дем салғызып, тұрмысқа шыққысы келетін қыздар көп. Үйлеріне барып Алланың есімдерін атап кетемін. Ем Алладан болады, таза жүру керек. Біз көзқарасымыз дұрыс адамбыз», - дейді Мұхаметқали Шүкірәлиев.

Имам ажырасқалы жүргендерге де дем салып береді екен. Айтуынша, қазір ішіне жын кіріп ауыратын адамдар көбейіп кеткен.

«Адам өмірден шаршап, қиялы кетіп қалады. Бұл жынның әлемі, адамды арбайды. Маған жынмен кетіп қалған адамдар көп келеді. Құранмен емдеп, арасында қамшымен соғып тұрамын. Мен ауызбен айтып емдеймін, аталарымыз молда болған кісі. «Ажырасқалы жүр едім, қосшы» деп келетіндер де бар. Оларға суға дем салып беремін және құран оқимын.

«Әйеліммен, күйеуіммен табыстыршы» дейтіндердің көбі намаз оқымайтын адамдар. Жалпы қазір қиялға беріліп, жынның арбауында жүрген адамдар көбейіп кеткен», - дейді Шүкірәлиев.

Тағы оқыңыздар:

Қызметтен босатылатынын естіген офицер өзінің төрт әріптесін атып өлтірді

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбеде "сақалды" жігіттерді арнайы тексеру кезінде ірі көлемдегі қаражат қолды болған

Ата-жұртты аңсап, Қытайдан қоныс аударып келген 251 қазақ елден шығарылмайтын болды

Ақтөбені сегіз күн аралаған Еркін Нұржанов жарымжан тыңдармандарын қуанышқа бөледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1656337-aqtobelik-imam-turmysqa-shyqqysy-kele/

pixel