1655788 Сөйтіп, бір ай қамауда болған айыпталушының қолынан кісен сот залында шешілді. | Қазақ тіліндегі бет Қоғам

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Павлодарда аулада ойнап жүрген баланы бетонға лақтырып ұрған ер адам жеңіл жазамен құтылды. 41 жастағы азаматтың бұл қылығы үшін сот оны бас бостандығын бір жылға ғана шектеген деп хабарлайды КТК арнасы.

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Айыпталушы азамат. Скриншот: 31 арна

Сондай-ақ, ол енді көңіл көтеретін мекемелерге аяқ баспауы тиіс. Сөйтіп, бір ай қамауда болған айыпталушының қолынан кісен сот залында шешілді.

Алты жасар ер баланы бетонға лақтырғаны үшін бастапқыда оған тек айыппұл салынған еді. Кейін жеткіншектің ата-анасы мен қоғам өкілдері шу шығарған соң тағылған айып өзгеріп, «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алғашқы сот отырысына мас күйінде келген азамат сол кезде қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетсек, 41 жастағы азамат аулада ойнап жүрген баланы биыл тамызда ұстап алып, бетонға тастап жіберген болатын. Салдарынан жеткіншектің миы шайқалып, бет-аузы түгел жарақаттанған.

"Көңіл-күйім болмағандықтан осылай жасадым" деп ақталған ер адам бұған дейін бірнеше рет істі болған көрінеді. Прокурорлар оны бір жылға абақтыға қамауды сұрағанымен, сот сол мерзімге бас бостандығын шектеп, жүз сағаттық қоғамдық жұмысқа міндеттеді.

Сондай-ақ, сотталушы енді зардап шеккен баланың отбасына 200 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі тиіс.

Тағы оқыңыздар:

Ер мен әйел үйленбей тұрып бір-біріне қоюы тиіс сұрақтар

Астана әкімдігі 55 млн теңгеге "Мерседес" көлігін сатып алды

Ғалымдар қарым-қатынаста қызғаныштың пайдалы екенін мәлімдеді

Ақтөбеде 15 жастағы оқушыны зорламақ болған педофил табылмай жатыр

Жұрттың көзінше "дәрет сындырған" президенттің иті желіде жұлдыз болды (видео)

Дереккөз: КТК арнасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 12

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .