1655582 Ол діни көзқарасы үшін түрмеге отыруға әзір екенін алға тартқан | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Жат дінге кіріп кеткен өскемендік жігіт әскерге барудан бас тартып, сотта жеңіп шықты

Өскеменде «Иегова куәгерлері христиандар қауымына» кіріп кеткен Қазақстан азаматы әскерге барудан бас тартып, сотта жеңіп шықты деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Жат дінге кіріп кеткен өскемендік жігіт әскерге барудан бас тартып, сотта жеңіп шықты

Қазақстан әскері. Көрнекі сурет: Азаттық Радиосы

Бұл іске байланысты қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды. Олар «әскерге шақырту алған, бірақ діни сеніміне байланысты әскерге барудан бас тартқан» әрі «Иегова куәгерлері христиандар қауымы» діни қызметкерлерінің анықтамасын көрсеткен» жігіттердің істерін полицияға жолдаған. Қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, күзде әлгі істердің бәрі жабылған.

Аула сыпырушы болып жұмыс істейтін 22 жастағы өскемендік Тілек Жұмағазиновтің Азаттыққа айтуынша, биыл көктемде телефон арқылы жергілікті әскери комиссариатқа шақырту алған.

Ол тиісті құжаттарын жинап, медициналық комиссиядан өткен әрі ар-ұждан ұстанымы мен діни сеніміне бола әскерге бармайтынын сол кезде ескерткен.

Жұмағазинов «оларға (әскерилерге – Азаттық) «Иегова куәгерлері христиандар қауымының» діни қызметкері екенін растайтын құжат көрсеткенін» айтады.

Бір аптадан кейін полициядан қоңырау соғып, әскерде қызмет етуден жалтарғаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

"Библияда "соғысуды үйренбе әрі жақыныңды өзіңдей жақсы көр" деп жазылған. Соғысқа барып жақындарыма, бауыр, достарыма қарсы қалай соғысамын, біреуді қалай өлтіремін? Ресей, Украинада да бауырларым - Иегово куәгерлері бар. Егер олар да қолдарына қару алса, бір-бірімізді өлтіреміз ғой, ал сонда арамызда мейірбандық қайдан болады? Біреулер қолына қару алатын шығар, ал мен бұлай істегім де келмейді, мұны үйренгім келмейді", - дейді Тілек Жұмағазинов.

Ол кейінгі екі жылдан бері ұстанып жүрген діни көзқарасы үшін түрмеге кетуге әзірмін дейді.

Ал көрші Семей қаласында полицейлер қазір қаржы саласынан жұмыс іздеп жүрген 23 жастағы жұмыссыз Әділжан Ысқақовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

"Біз заңды бұзып жатқанымыз жоқ. Өтінсе, барамыз. Өзімнің жағдайымды түсіндіріп айттым, олар түсінді. Бұл өз шешімім, бұған ұйымның («Иегова куәгерлерінің» - Азаттық) мүлде қатысы жоқ. Оларға «әскерге барып, қолыма қару алуға ар-ұжданым жібермейді» дедім. Бұған қоса, дін қызметкерінің әскерге бармауына болады деп жазылған 36-баптың 6-тармағы бар. Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заң бар емес пе, ал онда дін қызметкерлері әскерге бармайды деп жазылған", - дейді Әділжан Ысқақов.

Ысқақов «ісімді ішкі істер басқармасына неге жолдағандарын түсінгенім жоқ» дейді. Оның үстінен қозғалған қылмыстық істің жабылғанын Ысқақов қыркүйектің үші күні естіген.

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын тоқтату туралы қаулыда полицейлер Алматыға – «Иегова куәгерлері христиандар қауымының» бас кеңсесіне сауал жолдап, олар Әділжан Ысқақовтың діни қызметкер екенін растағаны жазылған.

Тағы оқыңыздар:

Мәсімов Назарбаевқа Қазақстанның жағдайы туралы айтып берді

Көпшіліктің арманына айналған көлік енді мүлде шығарылмайтын болды

Тұмаудан сақтайтын үш сусынды білесіз бе?

Осал тұстары көп ең сенімсіз көліктердің рейтингі жасалды

Әйелдер өтірік айтқанда қандай сөздерді жиі қолданатыны белгілі болды

Дереккөз: Азаттық

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 29

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .