1649817 Қайыпбек Қамбаров: Ресейде 200-220 теңге, біз соған жетуіміз керек | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Шымкенттік шенеунік бензин бағасын 220 теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ОҚО облыстық жанар жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров бензин бағасын 220 теңге дейін көтеруді ұсынды деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR. KZ.

Шымкенттік шенеунік бензин бағасын 220 теңгеге дейін көтеруді ұсынды

Қайыпбек Қамбаров. Фото: ТВК арнасы

Қамбаровтың айтуынша, құнын қымбаттату арқылы жанар-жағармай тапшылығын жоюға болады. Ал 30 пайыз импортқа тәуелді Қазақстан, Ресейге қарағанда бензинді әлдеқайда төмен бағамен саудалап жатыр екен. Мәселен, бізде АИ-92 150-155 теңге болса, Ресейдегі литрі 200-220 теңге дейді қауымдастық төрағасы.

"Біздің республикамыздың жылдық бюджетінде инфляция 6-8 пайыз. Соған байланысты бензиннің бағасыда өседі. Өскенде осы инфляцияға қарап орта есеппен қадағалап отырса. 2-3 теңге кварталында өсіріп отырсақ. Мысалы бізде бензин 90 теңге болғанда, Ресейде 150 теңгенің көлемінде болды. Ал қазір ол жақта 200-220 теңге. Біз соған жетуіміз керек", - дейді ОҚО «Жанар-жағармай қауымдастығының» төрағасы.

Қайыпбек Қамбаров бағаны көтеруді ұсынып жатқанына жүргізушілер наразы. Себебі, біздегі жалақы мөлшері Ресейдегі бағаға тура келмейді.

«Айлықтың мөлшері мен бензиннің бағасы тура келмейді. Қарапайы адамға қиын. Көлікпен отбасын асырап жүргендер бар. 220 теңге бұл өте қымбат баға», - дейді жүргізуші Розмат Нарымбетов.

Тағы оқыңыздар: 

Қаржы министрі: Депутаттар мен полицейлердің жалақысын көбейтеміз

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиды әріптестері сынап тастады

Астанадағы тағам құны 100 мың теңгеден кем түспейтін элиталы мейрамханалар туралы не білеміз?

Солтүстік Корея ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін екенін жеткізді

Ит екен деп қалдым: БҚО-да сегізінші сынып оқушысына қасқыр шабуылдаған

Дереккөз: TVK

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 192

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .