1649479 Дастан Оразбеков: Тікелей эфирде көрсету артық дүние | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Мәдениет және шоу-бизнес

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиді әріптестері сынап тастады

Алатаудың баурайында қатарынан бес күн концерт берген Төреғали мерекелік шоуды абыроймен атқарды. Әрдайым жаңашылдыққа жаны құмар жігіттің жанұясы енді дүбірлі тойға дайындалып жатыр. Бір қызығы, жас жұбайлардың қуанышы отандық арналардың бірінің тікелей эфирінде көрсетілетінін әншінің продюсері НТК арнасының "Ревю ньюс" бағдарламасына берген сұхбатын айтты.

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиді әріптестері сынап тастады

Төреғалидың тойына нағашылары мінгізген бәйге ат. Фото: Instagram

"Тікелей эфир, анау әдемі безендірілген пресс-қабырға дейді. Соның жанында көрсетіп, сол айтатын сөздері, тікелей эфирге шығады деген мақсаттарымыз бар. Шығу керек негізі",- дейді әншінің продюсері Жан Мұқанов.

Төреғалидің тойында тартымды шоу жасауды жоспарлаған продюсер Жан Мұқанов бұл ақпаратты растап отыр. Алайда, жеке өмірін тікелей эфир арқылы дүйім жұртқа жария қылған Ұлы дала баласының бұл қадамына өнердегі кей әріптестері наразылық танытуда.

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиді әріптестері сынап тастады

Дастан Оразбеков. Фото: Интернет желісінен

"Тікелей эфирде көрсету мен оны артық дүние деп ойлаймын. Сондықтан, әр нәрсенің өзінің орны болуы керек. Ол бір мемлекеттік дәрежелі дүние болсын тікелей эфир болса болатын еді. Бұл - әр адамның жеке өмірі",- дейді«Орда» тобының әншісі Дастан Оразбеков.

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиді әріптестері сынап тастады

Шахизада. Фото: Интернет желісінен

"Жеке өмір жеке өмір болып қалу керек негізі. Ол дұрыс айтады. Өзін пиар ету үшін, үйленіп жатқанын, ажырасып жатқанын шақырып көрсетемін десе, әркім өзінің қалауы бойынша жасайды бұл жерде", - дейді Шахизада.

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиді әріптестері сынап тастады

Мөлдір Әуелбекова. Фото xmusic.kz

"Бірақ, маған егерде тікелей эфирден тойыңды көрсетейік десе мен бас тартатын едім",- деп пікір білдірді Мөлдір Әуелбекова.

Кез-келген қызу талқыдағы тақырыпты біреудің даттауы, енді біреудің жақтауы заңдылық! Сондықтан, 25 жасын «айхайлатып» өткізген Төрештің тойын тікелей эфирден көргісі келетін жұлдыздар да жоқ емес!

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиді әріптестері сынап тастады

Гүлнұр Оразымбетова. Фото: Интернет желісінен

"Мейрамбек, Сәкенге 25 жасында осындай мүмкіндік бергенде, олар да тойларын тікелей эфирде көрсеткен болар ма еді деп ойлаймын",- деді Гүлнұр Оразымбетова.

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиді әріптестері сынап тастады

"Жиырма бесінде жарқыратып, бес концерттен кейін, өзінің тойын бір жасап жіберу де жарасымды болып тұр",- деді Қыдырәлі Болманов.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы ең қымбат Rixos мейрамханасында Төреғали үйлену тойын өткізеді.

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиді әріптестері сынап тастады

Төреғалидың үйлену тойына дайындық. Фото: Instagram

Үш жүз қонақ шақырылған той отандық арналардың бірінің тікелей эфирінде көрсетіледі.

Тағы оқыңыздар:

Бозымбаев: Елімізде екі аптаға ғана жететін бензин қоры қалды

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті қуалап жүріп сабап тастаған

Шымкент әкімі уәдесінде тұрып, қарапайым халықпен бірге автобусқа мінді (фото)

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Астанадағы белгілі емханаға қаралған әйелдің ауруы одан сайын асқынып, тістері түсіп қалған

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 57

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .