1646545 Олар жаңа туған нәрестені 30 мың рубльге бағалаған | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Әлемде

Еліне оралу үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болғандар жұртты шошытты

10 қазанда Ресейдің Воронеж облысында 29 жастағы әйел мен оның 39 жастағы азаматтық некедегі күйеуі 30 мың рубльге (шамамен 520 АҚШ доллары) қызын сатпақ болған жерде ұсталды. Тергеу кезінде олар Өзбекстанға қайтуға билет алу үшін, нәрестесін сатуға тура келгенін айтқан деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Еліне оралу үшін жаңа туған сәбиін сатпақ болғандар жұртты шошытты

Көрнекі фото: nur.kz

Баланы сатып алушы полицияның арнайы бөлімшесінің қызметкері болған. Ол 10 қазанда баланың ата-анасына ақша беріп, сенімхат жазып алған. Кейін Өзбекстанның екі азаматы ұсталған.

Воронеж облысы тергеу комитетінің өкілі Елена Мануковская ерлі-зайыпты жаңа туған нәрестесін 30 мың рубльге бағалағанын айтады. Сәбиді ауруханаға жеткізген екен.

Тағы оқыңыздар: Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Тергеу ісінің алдын ала қорытындысы бойынша, өзбекстандық әйел 8 қыркүйекте дәрігердің көмегінсіз, жалдап тұрған пәтерінде қыз туған. Ата-ана заңды некеде тұрмағаннан кейін, қызға туу туралы куәлік алмаған.

Тергеушілердің ақпаратына қарағанда, ерлі-зайыпты сәбиін сату туралы шешім шығарып, таныстары арқылы сатып алушы іздеген. Тергеу кезінде олар Ресейде тіркелу мерзімі аяқталғаннан кейін, үйіне қайтуға ақша іздегенін айтқан.

Сонымен бірге 39 жастағы ер адам қыздың өзінен екеніне күмән келтіріп, баланы сатуға мәжбүрлеген. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: Nur.kz
Мақалада: Россия Узбекстан

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 1

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .