Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маржан Арапбаева қызғаншақ жолдасы мен жеке өмірі туралы бар шындықты жайып салды

Опубликовано:

Тыңдармандарын түрлі образ, әуезді әндерімен тамсандырып жүрген Маржан Арапбаева көпшіліктен жеке өмірі жайлы «тың деректерді» де жасырған емес. Ол бұған дейін де алғашқы күйеуімен қандай қарым-қатынаста болғанын, бүгінгі жолдасымен қалай танысып, отау құрғандары туралы бар шындықты айтып берген еді. Әншінің өмірінде қазір қандай өзгерістер бар? Өнер иесінің ата-енесімен қарым-қатынасы қалай? NUR.KZ тілшісі белгілі эстрада жұлдызымен тілдесіп, сұхбаттасып қайтты.

- Маржан, өнер адамы болғандықтан, алдымен шығармашылығыңыздағы жаңалықтардан бастасақ...

Қазір махаббат жайлы екі әннің тұсауын кеспекпін, бұл екі ән де ырғақты әуендер болмақ. Жалпы, өзім көңілді, ырғақты әндерді орындауды ұнатамын. Негізі менің көптеген әндерім, Алматы қаласында шығарылып жатады.

- Әріптестеріңіздің дені қазіргі таңда, тележүргізушілікке, әртіс өнеріне бет бұрып жатыр. Өнер мектептерін ашқандары да бар. Сізді еш жерден көрмейміз. Себебі неде? 

- Киноға мені әзірге шақырған жоқ, жүргізуші болуға ұсыныстар болды, бірақ мен ол ұсыныстардан бас тарттым. Негізінде, бойымда әртістік қабылет бар. Екі рет концерт те жүргізіп көрдім. Ал, болашақта ток-шоу жүргізгім келеді, сондай-ақ өнер мектебін де ашу туралы да ойым бар, бірақ қазір емес.

- «Славян базары» байқауында Николай Басковпен бірге ән шырқағаныңыз есімізде. Қазір Ресей әншісімен қарым-қатынасыңыз қалай, араласып тұрасыздар ма?

- Жоқ, араласпаймыз. Соңғы рет Алматыда Басков концерт өткізген кезде, мені құшағына алып, сондай жылы қарсы алған еді. Соған қарағанда, ол кісі мені әлі ұмытпаған деп топшыладым.

- Бір сұхбатыңызда бұрынғы жұбайыңызбен қарым-қатынастамыз жақсы деп айтыпсыз. Қазір де солай ма?

- Біз жабайы адам емеспіз ғой, көзіміз ашық, көкірегіміз ояу адамдармыз. Біздің ортақ баламыз бар. Сондықтан, кездесіп жатқанда амандық- саулығымыз дұрыс. Ол кісіге әрдайым мықты денсаулық, жұмысына табыс тілеп, тілекші болып отырамын. Отбасын құрып жатса да тек қуанатын боламын.

- Қазіргі жолдасыңыз «қарапайымдылығымен, адамдығымен мені баурап алды» депсіз. Бірақ отбасы болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Осындай жағдайларды кім кеңдік танытып, кешірім сұрап жатады?

- Иә, мен ашуымды жасыра алмаймын, «бұрқ ететінім» бар, бірақ ол ашу 5-ақ минутқа ғана созылады. Одан кейін, түк болмағандай жүре беремін. Ал, жолдасым керісінше, ренжісе, бұрылып кетіп қалады, сосын ұзақ уақыт сөйлеспей жүруі мүмкін. Ондай жағдайда, бір-бірімізбен сөйлесіп кешірімді болуға тырысамыз.

- Қызғаншақсыз ба, жолдасыңыз қандай?

- Мен қызғаншақ емеспін, ал жолдасым өте қызғаншақ адам. Әсіресе, қарым-қатынасымыз басталған уақытта қатты қызғанатын, қазір олай емес, арамызда сенім бар. Негізі жолдасым көңілшек, тез ренжитін адамдар қатарынан.

- Отбасыңызда соңғы сөз, шешім кімнің «еншісінде» қалады?

- Ондайда ортақ шешім қабылдауға тырысамыз. Мен жолдасымның алдында «сіздікі дұрыс» деп, жалған сөйлей алмаймын. Қазір көптеген әйелдер түрлі жетістіктерге жетіп жатыр ғой, сол сияқты мен де алдымен Алла, сосын халық, одан кейін еңбектің арқасында аз-да болса жетістіктерге жетіп жатырмын десем болады...

- Қайынжұртпен, ата-енеңізбен қарым-қатынасыңыз қалай?

- Мен өзімді керемет келіншекпін, орамал тағып, сәлем салатын «супер келінмін» деп айта алмаймын. Бірақ, ата-енем көзі ашық, көкірегі ояу адамдар. Атам 35 жыл мектеп директоры, енем өмір бойы ағылшын пәні мұғалімі болған. Жолдасым мектепті үздік бітірген. Олар маған «келіндік міндетіңді атқар, бірге тұрайық» деп те айтпайды. Өйткені, ата-енем керісінше, өздері бөлек тұрғанды ұнатады. Атам өте сабырлы, ал енем өзім сияқты ашық адам.

- Көп сұхбаттарыңызда ашықпын, ішіме көп сыр сақтай бермеймін деп айтыпсыз. Тіліңізден таяқ жеген кездер болды ма?

- Орыстарда «тілім-басты жауым» деген сөз бар. Сол сөз мен жайлы айтылған десем артық айтпаспын. Иә, тілімнен таяқ жеп жатамын. Мәселен, жолдасыма немесе жақыныма шындықты айтамын деп, опық жеп қалатыным бар.

- Дұшпандарыңыз көп пе?

- Жоқ, меніңше, дұшпандарым жоқ деп ойлаймын.

- Ал, досқа байсыз ба?

- Иә, жақын достарым бар, бірақ нағыз достарым көп деп айта алмаймын. Мен ешкімге себепсіз тиісе бермеймін, жеке өмірлеріне араласып, біреуді өсектеп, жамандауды көп ұната бермеймін.

- Жақындарыңыз сатып кеткен жағдайлар болды ма?

- Көп адамдардан сатып кетті, лақтырып кетті дегенді естіп жатамын, бірақ, Аллаға шүкір, мен ондай жағдайларды басымнан өткермеппін. Бәлкім, ондай сатқындықты көтере де алмас едім.

- Өмір «ақ-қарасыз» болмайды, жалпы, өмірде өкінген, түңілген сәттеріңіз болды ма?

- Сіз маған сенбейтін шығарсыз, бірақ, ондай жағдайлармен бетпе-бет келмеппін. Егер маған құдай қайта өмір сыйласа да, осы өміріме шүкір деп айтушы едім, себебі, бұдан асқан бақыттың маған керегі де жоқ. Жалпы, өмірде «сәттілік-серігім» деп айта аламын.

- Неден қорқасыз?

- Жалғыздықтан қорқамын. Тынықтыштықты қалай ұнатсам да, қартайған шағыңда жаныңда біреу болмаса одан асқан қорқынышты дүние жоқ деп

санаймын.

- Өмірде нені кешіре алмайсыз?

- Сатқындықты, көзге шөп салуды да кешіре алатын шығармын. Жалпы, мен кең адаммын, бәрін кешіре аламын деген ойдамын.

- Әңгімеңізге рахмет!!!

Тағы оқыңыздар: 

22 жыл бұрын Ресейге қашып кеткен алаяқ ақыры қолға түсті

Қырғызстанда жетінші сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалды

Талғат Мұсабаев ұшақтары жиі апатқа ұшырайтын Авиация комитетіне шүйлікті

Назарбаев неміс кәсіпкерлерін "Астана" қаржы орталығына атсалысуға шақырған

Латын әліпбиін құрастырушылар: Басы бүтін, кемшілігі жоқ әліпби жасау мүмкін емес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1646504-marzhan-arapbaeva-qyzghanshaq-zholdasy-m/

pixel