1644900 Айырқалпақты ағайын 15-ші қазанда жаңа президентін сайлайды | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Әлемде

Қырғызстанда таққа талас: Атамбаев ел есінде несімен есте қалды?

Айырқалпақты ағайын 15-ші қазанда жаңа президентін сайлайды. Сондықтан Алатаудың арғы бетіндегі саяси науқанның қызғаны соншалық, саясаткерлерден де, жұрттан да жаппай маза кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Қырғызстанда таққа талас: Атамбаев ел есінде несімен есте қалды?

Алмазбек Атамбаев. Фото: ztb.kz

Таққа таласқан 11 адамның арасынан ең негізгі тартыс оппозициялық партияның жетекшісі 47 жастағы Өмірбек Бабанов пен 58 жастағы Сооронбай Жээнбековтің арасында өтіп жатыр. Соңғысы Алмазбек Атамбаевтың сенімді серігі. Сондықтан қазіргі президент оны ашық қолдауға көшкен. Ал ел басқаруды армандайтын Жээнбековтың сөйлеу мәнері Атамбаевқа тым қатты ұқсайды. Өзінен он жас кіші Бабановқа зекіп сөйлеуі соны аңғартқандай.

"Мен 1995-ші жылдан бері саясаттамын. Сен 2005-те саясатқа келдің. Сені балапан кезіңнен білем. Коррупциямен тек мен күресе алам. Сосын сенен бастаймын бірінші. Осыны есіңде сақта. Сотпенен қайтарғызам миллиардттарыңды", - дейді Қырғызстан президенттігіне кандидат Сооронбай Жээнбеков.

Ал тақтағы алты жылы аяқталып, тағдырына қатты алаңдай бастаған Алмазбек Атамбаев Конституция бойынша қайта сайлана алмайды. Сондықтан сайлауға санаулы күндер қалғанда өз кандидатының ұпайын көтеріп, партиясына пиар жасаудың қамына кіріскен сияқты. Сөйтіп жеке амбициясына бола, Қазақстанға қарата сын айтып, қос мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсірді. Бірақ Бішкекте отырып батырсынған Алмазбек бәйке Астанаға келгенде Нұрсұлтан Назарбаевтың іші-бауырына кіріп басқаша сайрайтын.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, сізбен сөйлесу мен үшін өте шоң оқиға! Мен сізден көп нәрсе білгім үйренгім келеді", - дейді Қырғыз республикасының президенті Алмазбек Атамбаев.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-дан кейін пәтер бағасының арзандайтыны рас па?

"Біріншіден біртуғандық, мәміле үшін рақмет. Сондай жылы тосып алып жатырсыз. Бұл жолғы жолығышу бір топ мәселені шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі күні Қазақстанды аймақтағы ең мықты өлке деп айтсақ болады", - деген еді Алмазбек Атамбаев.

Қазақстан іргедегі көршісіне аузындағасын жырып, қолда барын аяған емес. Мәселен, қырғыздардың Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға 100 миллион доллар бөлсе, инвестиция ретінде салған қаржысы 800 миллион доллардан асады. Бұдан бөлек, жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарына екі мектеп те салып бергені есте.

"Нұрсұлтан Назарбаев екі мектепке қаржы бөлдіңіз. Бастапқыда біреу ғана салынады деп жоспарланып еді, енді екеуі де бой көтермек. Бірі оңтүстікте Ош қаласында, бірі Қырғызстанның солтүстігінде болады. Яғни, біздің өтінішіміз, күткеніміз еселеніп орындалып жатыр. Әрине, бұны естен шығармау керек, жақсылықты ешқашан да ұмытпау керек", - деген Қырғыз Республикасының президенті.

Алайда әркезде әртүрлі құйқылжытатын Атамбаев бұл жақсылықты қазір есіне де алмайды. Ресми Астана болса, қырғыз президентінің мәлімдемелерін арандатушылыққа теңеген болатын.

Осылайша, Қазақстан дипломатияға тән байсалдылығын көрсетті. Өйткені шектен тыс эмоция адам түгілі, мемлекетке де опа әкелмесі анық. Бір қызығы Алмазбек Атамбаев Сочиде өтіп жатқан ТДМ елдері басшыларынң саммиті мен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңесіне бармай қалды.

Оның себебін қырғыз президенті жексенбіде өтетін сайлаумен түсіндірген. Десе де, саясатпен қош айтысқалы тұрған Атамбаевтың дәурені аяқталған соң, қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қайта жаңа ақ парақтан басталуы тиіс.

Дереккөз: КТК арнасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 22

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .