1630660 25 қыркүйек күні Глубоковский ауданы Белоусовка поселкесінде 35 жасар ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. | Қазақ тіліндегі бет Оқыс оқиғалар

Шығыс Қазақстан облысында 35 жастағы азамат өзін-өзі жарып жіберді

Полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде ер адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген оқиғаға қатысты іске тергеу жүргізіп жатыр деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысында 35 жастағы азамат өзін-өзі жарып жіберді

Көрнекі сурет: WallpapersCraft

25 қыркүйек күні Глубоковский ауданы Белоусовка поселкесінде 35 жасар ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Аймақтық ustinka.kz сайтының хабарлауынша, ер адам өзін белгісіз жарылғыш құралымен жарған. Дүкеннің жанында жатқан ер адамның денесін өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.

Тағы оқыңыздар: Түркия отелінде шетелдік туристер аяусыз соққыға жығылды (фото, видео)

"Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді", — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне телефон арқылы.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция бұдан басқа ақпарат беруден бас тартты.

Дереккөз: Sputnik Казахстан

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 2

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .