1628387 Бұл видеоны көрген желі қолданушылары еліміздің бас мұғалімі, яғни Білім және ғылым министрінен бұл жағдайға қатысты түсінік беруді талап етіп отыр. | Қазақ тіліндегі бет Қоғам

Қазақ оқулығы осындай халде: ашынған мұғалім бар былықты жайып салды (видео)

Мектеп оқулықтарына қатысты дау басылар емес. Бұл жолы білім ұясының қызметкері ондағы былықтарды жария етті, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Өзін мектеп қызметкері деп таныстырған әйел азаматы 7 сынып оқулығындағы олқылықтарды видеоға түсіріп, көпшілікпен бөлісті. Мәселен, гегорафия пәнінің кітабы 31-ші беттен басталса, биология пәнінің оқулығы екі тілде жазылған. Ал келесі бір кітап тіптен терісінен басылған.

Тағы оқыңыздар: Қайырымдылықпен айналысатын ақтөбелік кәсіпкер әйеліне сыйлық бермейтінін айтты

«Бұл кітап биыл келген. Отыз бірінші беттен басталған, бірінші бет жоқ. Өліп талып зорға жеткен жаңа оқулық мынандай халде. Биология да биыл келген оқулық. Мектеп баспасы... Теріс беті, мынаны қараңыздар.

Биология кітабында жергілікті аймақтың қызыл кітапқа енген жануарлар делінген. 32-ші бет қазақша, 33-ші беттен 64-ші бетке дейін орыс тілінде жазылған. Қазақ мектебінің оқулығы осындай халде», - деп ашынды мұғалім.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары еліміздің бас мұғалімі, яғни Білім және ғылым министрінен бұл жағдайға қатысты түсінік беруді талап етіп отыр.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 103

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .