1627996 Осы оқиғадан соң боксшы мен оның бапкері жарыстардан шеттетіледі | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Спорт

Бокс турнирінде орын алған оқиғаға Берік Маржықпаевтың қатысы жоқ болып шықты

Астанада өтіп жатқан бокстан Қазақстан конфедерациясы кубогінде болған оқыс оқиғаға байланысты жаңа дерек пайда болды деп жазады NUR.KZ.

Бокс турнирінде орын алған оқиғаға Берік Маржықпаевтың қатысы жоқ болып шықты

Көрнекі сурет

Естеріңізде болса, астаналық боксшы, бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Рахат Маржықпаев пен оның бапкері кезекті жекпе-жектен соң жарыс төрешісіне қол жұмсаған болатын. Осыдан соң, желіде аталған оқиғаға қатысты түрлі пікірталас өрбіді.

Бұған дейін Facebook қолданушысы Тұрсынбек Тұрапбек төбелес шығарған боксшы Рахат Маржықпаевтың әкесі Берік Маржықпаев екенін жазған болатын. Алайда, Астана қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Берік Маржықпаев Рахат Маржықпаевтың әкесі еместігі анықталды.

Берік Маржықпаев аталған жарыста Рахат Маржықпаевты жаттықтырмаған.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтында жазылды.

"22 қыркүйек күні Аман Қазанғаповтан жеңілген соң төбелес Рахат Маржықпаевтың бапкері Ерік Маржықпаев төбелес шығарды. Ол 28 жылдық еңбек өтілі бар, төрешілер арасындағы АИВА үш жұлдызының иегері. Бокстан Еуропа чемпионатында жүлдегер атанған. Осы оқиғадан соң боксшы мен оның бапкері жарыстардан шеттетіледі", - делінген ҚФБ таратқан ресми мәлімдеме.

Еске сала кетейік, Берік Маржықпаев бұған дейін Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Марина Вольнованың жеке бапкері атанған болатын. Бүгінде Астана қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 8

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .