1627166 Ел өкіметі бұл айыптауларды қаралау деп мойындамаған болатын | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Әлемде

Мьянма солдаттары мұсылман әйелдерді зорлағаны дәлелденді

Мьянманың Ракхайн штатынан Бангладешке босып кеткен 429 000 рохинджа мұсылмандарды қараған дәрігерлер олардың ішінде көптеген әйелдердің зорланғанын анықтады деп хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасаған Baq.kz.

Мьянма солдаттары мұсылман әйелдерді зорлағаны дәлелденді

Мьянмадағы мұсылман әйелдер. Фото әлеуметтік желіден алынды

Дәрігерлер берген медициналық анықтамаларды зерттеген агенттік тілшісі рохинджа қыз-келіншектері түрлі дәрежеде зорлыққа ұшырағанына көз жеткізген. Оның ішінде Мьянма солдаттарының топ болып зорлау фактілері де бар.

Мұндай айыптаулар бұған дейін айтылып келген. Бірақ Мьянма өкіметі оларды жасақшылардың әскерилерді қаралау үшін ойлап тапқаны деп мойындамаған болатын.

Мьянма басшысы Аун Сан Су Чжидің баспасөз хатшысы Зоу Хтай өкімет өз атына айтылған кез келген айыптауды зерттейді деді.

Тағы оқыңыздар: Белгілі сарапшы Головкиннің "Канеломен" тең түсуіне басты кінәлі адамды атады

«Зорланған әйелдер бізге келсін. Біз олардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етеміз. Тексереміз және шара қабылдаймыз», - деді ол.

Су Чжидің өзі әскерилер мұсылман әйелдерді зорлады деген айыптаулар туралы ешқандай түсініктеме берген емес.

Reuters тілшісі Бангладештің Кокс Базар елдімекенінде босқындарды қараған сегіз медицина қызметкерімен сөйлескен. Олар тамыздың соңынан бері ондаған зорлау фактісі дәлелденгенін айтқан. Әйелдер өздерін Мьянма солдаттары зорлағанын егжей-тегжейлі баяндап берген. Олардың денесіндегі іздер айтылған нәрселердің рас екенін көрсетеді.

Әдетте БҰҰ дәрігерлері мен қызметкерлері әскерилердің әйелдерді зорлағаны туралы мәліметтермен бөлісе бермейді деп жазады Reuters.

Мьянмадағы жағдай 25 тамызда ARSA мүшелері бірнеше полиция бекеті мен Мьянма әскери базасына шабуылдағаннан кейін ушығып кеткен болатын. Сол қақтығыста күштік құрылымдардың 12 мүшесі мен 77 көтерілісші (басқа мәліметтер бойынша шамамен 120 адам) қаза тапқан.

Осы шиеленістен кейін Ракхайн аймағынан болжам бойынша жүз мыңдаған рохинджа босып кетіп, Бангладешке барып бас сауғалаған.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 17

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .