1626628 Кішкентай балақайлар лас өзен суын ішуге мәжбүр | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Алматыда кәмелет жасқа толмаған екі бала екі айдан бері далада түнеп жүр (фото)

Алматыда екі айдан бері кәмелеттік жасқа толмаған екі бала далада түнеп жүр. Жанындағы шешесі оқу жылы басталғалы бері бір ай өтсе де, екінші сыныпқа баруы тиіс қызын әлі мектепке апармаған деп хабарлайды 31 арна.

Алматыда кәмелет жасқа толмаған екі бала екі айдан бері далада түнеп жүр (фото)

Далада түнеп жүрген отбасы. 31 арнадан кадр

Көрермендер жіберген бейнежазбада күтімі жоқ екі баланың далада, шаң-топырақ пен арам шөптің ортасында отырғаны көрініп тұр. Қастарында ештеңе сезбей, ұйықтап жатқан анасы сияқты. Балалардың ересегі жеті жасар Жұлдызай, ал төрт жасар ұлдың аты Айбар екен.

«Қалқаман» ықшам ауданындағы ағып жатқан шағын ғана өзеннің саясын балалардың пана тұтқанына біраз болған. Аналары лас өзен суына кірлерін жуып, тура сол жерде шәй қайнатып береді екен. Ағаштың түбіне киімдері мен ойыншықтарын тығып қойған.

Алматыда кәмелет жасқа толмаған екі бала екі айдан бері далада түнеп жүр (фото)

"Үш-төрт отбасы осында келіп отырады. Бір-екі әйел бар арасында, үш-төрт бала бар, майда-шүйде бәрі. Мектеп жасындағы, мектепке бармайтыны да бар. Кірлерін жуып, сеткаларға іліп қоятын", - дейді куәгер Ринат Сәдуақасов.

Тағы оқыңыздар: Тоңазытқыштағы жантүршігерлік жағдай: Ата-анасы балаларды не үшін өлтіргенін айтып берді

Бұл жерде ішімдікке жақын адамдар жиі жиналады. Қазірдің өзінде жерде екі адам алаңсыз ұйықтап жатыр. Тілшілер екі баласы бар отбасыны да осы маңнан тапты, күс-күс қолдарымен нан жеп отыр екен.

-Мектептке барып па еді бұрын қызыңыз?

-Иә, барды.

-Қай мектепке барып еді?

- Бұрын ауылда оқып келген, былтыр.

- Райымбекте ма?

- Иә.

- Райымбектің өзінде тұрдыңыз ба Самал?

Самалдың өзінің айтуынша, бұрын Алматы облысы Райымбек ауданында тұрған, күйеуімен ажырасып, екі айдан бері балалармен қаңғырып жүр. Ал қасымдағы азамат балаларымның әкесі емес дейді.

Жергілікті тұрғындар далада түнеп жүрген балаларды көріп полицияға да хабар беріпті. Алайда не полицияны, не тура түбінде тұрған №157 мектептің ұжымын балалардың тағдыры алаңдатпаған сияқты.

Дереккөз: 31 канал

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 38

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .