1626370 Енді оның желілерде белсенді əңгімелесуіне бос уақыты жетіп-артылады | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Шымкентте WhatsApp-тың қызығына кіріп кеткен автобус жүргізушісі жұмыстан қуылды (видео)

Телефонмен сөйлесіп, əлеуметтік желінің қызығына кіріп кеткен автобус жүргізушісі жұмыссыз қалды деп хабарлайды NewTimes.kz.

Шымкент қалалық əкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сəйкес, бұл жүргізуші Green Bus компаниясының қызметкері. Ол автобус тізгіндей отырып жол жүру ережесін өрескел бұзған. Яғни, рөлде отырып телефонмен сөйлескен, онымен қоймай Whats Ap желісі арқылы əлдекіммен хабарлама алмасқан. Өз жұмысына немқұрайлы қараған ол жазаланды.

Естеріңізге салсақ, жуырда ғана əлеуметтік желіде бұл жүргізушінің өрескел əрекетінің видеосы пайда болды. Оның авторы əкімдіктің желідегі парақшасына осындай хабарлама қалдырып, видеоны жолдаған.

Тағы оқыңыздар: Белгісіз біреу Канадада қайтыс болған қазақстандықтың отбасына 7 мың доллар аударған

"Автобус жүргізушісі жұмыстан кетті. Енді оның желілерде белсенді əңгімелесіп, клиптер қарап, телефонмен жиі сөйлесуіне бос уақыты жетіп-артылады. Ал компания басшылығы барлық жүргізушілеріне өз міндеттеріне жүрдім-бардым қарайтындарға жол жоқ екенін ескертті", - делінген қалалық баспасөз қызметі таратқан мəліметте.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 14

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .