1625967 Айдана Камалова: 17 миллион теңгемді алып кетті | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық дизайнерді сүйген жігіті алдап, тақырға отырғызып кетті (фото)

Танымал отандық дизайнер Айдана Камалованың сүйген жігіт алдап, тастап кетті. Сүйіктісі оны тақырға отырғызып, көлігі мен 17 миллион теңгесін қоса әкеткен деп хабарлайды НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отандық дизайнерді сүйген жігіті алдап, тақырға отырғызып кетті (фото)

Айдана Камалова

Отандық сән саласында өзіндік орнын қалыптастырып келе жатқан Айдана Камалова өзін алдап кеткен сүйіктісінің аса мәдениетті болғанын атап өтеді. Ол көп уақыт бойы Айданаға гүл сыйлап, сыпайылығымен баурап алған.

Ақыр соңында олардың махаббат хикаясы көлік пен ірі сомадаға ақшаның ұрлануымен аяқталып тынған екен.

Айдана бір жыл бойы аса сыпайылығымен ерекшеленетін көршісімен бір жыл бойы аралас-құралас болып жүрген. Кейіннен оның мәрт жігіт екеніне көз жеткізген бойжеткен, оның сезімінің шынайылығына сеніп қалғанын айтады.

 

Тағы оқыңыздар: Әлиевтің мінсіз мүсінді әйелі сұлулығымен Мелания Трампты басып озды

"Гүл сыйлап, маған назар аударып, артымнан қалмады. Тіпті қалада болмаса да, үйге гүл жіберіп, қуантатын. Мен үшін нағыз сері жігіт болып көрінетін. Оған "Оскар" сыйлығын беру керек, актерлік шеберлігі керемет", - дейді таңданған дизайнер.

Алаяқ тіптен Айдананың отбасымен де жақын араласа бастаған. Көмек беремін деп қызды алдап түсірген ол Айдананың көлігі мен ірі сомадағы қаражатын да қоса алып кеткен. Барлығы 17 миллион теңгеге тақырға отырған сәнгер адал еңбекпен тапқан ақшасының алаяққа жеп болғанына өкініп отыр.

Осылайша Айдана "сүйіктісінен" зардап шеккен 11 бойжеткен бар екенін анықтаған. Өзін кәсіпкермін деп танысқан жігіт осылайша алаяқ болып шыққан.

Дереккөз: Nur.kz
Мақалада: Мошенники

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 33

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .