1625858 Сөз соңында ол Дональды Трампты «есі ауысқан» деп атап, оны тәубесіне түсіруге уәде берген. | Қазақ тіліндегі бет Әлемде

Ким Чен Ын: "Есалаң" Трамп өз сөздеріне жауап беретін болады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өзінің жеке мәлімдемесінде АҚШ президентінің БҰҰ-дағы сөзіне жауап берді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ким Чен Ын: "Есалаң" Трамп өз сөздеріне жауап беретін болады

Ким Чен Ын. фото: РИА Новости. Илья Питалев

КХДР лидері АҚШ президентінің соңғы сөздеріне қарап Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасын дамытып жатқаны дұрыс екеніне көзі жеткенін айтқан.

Сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Дональд Трамп АҚШ өзін немесе одақтастарын қорғау үшін Солтүстік Кореяны түгелдей құртып жібере алады деген болатын. Мұның алдында ол Ким Чен Ынды «ракеташы бала» деп мазақтаған-ды.

«... Трамптың сөздері мені қорқытқан да, алған бетімнен қайтарған да жоқ, керісінше ұстанған жолым дұрыс екеніне сендірді, мен бұл бағыттан таймақ емеспін», - деген Солтүстік Корея басшысы Трамптың айтқан сөзіне өкінетінін алға тартқан.

Тағы оқыңыздар: Тоқаев: Үкімет мұғалімдердің жалақысын көтеруді ойластыру керек

"Қазір Трамп менің және елімнің бар екендігін мойындағысы келмей, бізді бүкіл әлемнің алдында қорлап, бұрын-соңды болмаған өрескел дәрежеде соғыс жариялап отыр. Мұндай жағдайда Трамп ол сөзіне өкінетіндей болуы үшін Солтүстік Корея қатаң қарсы шаралар қабылдайтын болады", - деді Ким Чем Ын.

Сөз соңында ол Дональды Трампты «есі ауысқан» деп атап, оны тәубесіне түсіруге уәде берген.

Солтүстік Кореяның зымыран сынақтары жиілеуіне байланысты екі ел арасындағы жағдай шиеленісіп, басшылары бір-бірін қорлайтын сөздер айтып жатыр.

БҰҰ-да сөйлеген Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Трамптың сөзін иттің шәуілдеуіне теңеген болатын.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 42

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .