1625756 Полицияның көлігін көрген ол автокөлікке оқ атып, қашып кетуге тырысқан. | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Оқыс оқиғалар

Ішімдікке тойып алып, екі көршісін атып тастаған жамбылдық азамат елдің зәресін ұшырды

Жамбыл облысына қарасты Ұланбел ауылының тұрғыны 49 және 44 жастағы көршілерін басынан атып өлтірген. Сондай-ақ, қайтыс болған адамның 16 жастағы інісін жарақаттаған. Бұл туралы Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Baq.kz хабарлайды.

Ішімдікке тойып алып, екі көршісін атып тастаған жамбылдық азамат елдің зәресін ұшырды

Көрнекі фото: ria.ru

«21 қыркүйек күні сағат 19.10 шамасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының ішкі істер бөліміне Ұланбел ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Қанат Жұматтан осы ауылдың 40 жастағы тұрғыны ішімдікке тойып алып 12-ші калибрлі аңшы мылтығымен 49 және 44 жастағы көршілерін басынан атып өлтіргені туралы хабарлама түскен. Сондай-ақ, қайтыс болған адамның 16 жастағы інісі аяғынан жарақат алған. Ол Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына жатқызылды», - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Жаманқұловтың жетекшілігімен бес адамнан құралған жедел топ барды. Қылмыс орны мен маңайды қарау барысында күдікті Әбуқадыров көшесіндегі үйдің жанынан табылған.

Тағы оқыңыздар: Павлодарда трамвай астына әдейі түскен жеткіншек аман қалды

Полицияның көлігін көрген ол автокөлікке оқ атады. Оған мылтығын қайта оқтап, кезекті рет атуға мүмкіндік бермеген полиция подполковнигі Мақсат Жаманқұлов өз өмірін қатерге тігіп, көлікті қылмыскерге қарай бағыттаған.

Алған соққыдан күдікті қаруды түсіріп алып, қашып кетуге тырысқан, алайда полицейлер оны жедел ұстап алады.

Қаруы тәркіленді. Екі адамды өлтірген күдікті - Ұланбел аулының 40 жастағы Ж. есімді тұрғыны өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ауыр қылмысты не үшін жасағаны анықталуда.

Күдікті Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 10

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .