Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаева ақтөбелік оқушы қызды өз қарамағына алуға дайын екенін айтты (фото)

Опубликовано:

Ақтөбелік фанаттарымен кездескен Баян Есентаева Аяна есімді кішкентай талантты қыздың Instagraм желісіндегі парақшасына екі жыл бұрын жазылғанын айтты деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Баян Мақсатқызы оның шығармашылығына қызыға қарайтынын, әрі болашақта оған продюсерлік етуге дайын екенін жеткізді.

Фанаттар арасында отырған Аяна Баян ханымға жолдаған хатында өзін «Қазақ аруы — 2026» байқауына алатын-алмайтынын білгісі келген. Үнемі тек Instagram желісі арқылы оқып отыратынын айтқан продюсер кішкентай талантпен кездескеніне қуанғанын жасырмады.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас: Төреғали емеспін, жеңемін бірақ

«Аяна, сен таланттысың. Сенің парақшаңа алғаш рет екі жыл бұрын жазылдым. Бірінші көргенімде таңғалдым. Өзі билейді, өзі ән салады, өзі керемет дизайнер, бірнеше тілді еркін меңгерген. Әдемі киім үлгілерін ұсынып келеді.

Сен маған келетін болсаң, міндетті түрде қарамағыма аламын. Өйткені, сен дайын жобасың. Ата-анаң сені жақсылап тәрбиелеген. Балалық шақта еңбектенгенің көрініп тұр», — деді Баян Мақсатқызы.

Тағы оқыңыздар: Хиджаб киген алматылық алаяқ әйел елді тақырға отырғызып кеткен

Продюсер бала тәрбиесіне мән берген ата-ана өзінің болашағына капитал салғанмен бірдей екенін атап өтті.

«Балаға «кет бар», «жоғал», «әрі тұр» десек, ол қорқып өседі. Аянаға қараңыздаршы, өзін көпшілік алдында еркін ұстайды, күле алады, ойын еркін жеткізе алады», — деді Баян Есентаева.

Өз кезегінде, Аяна продюсер мен оның қызына өз қолынан әзірлеген бұйымдарды тарту етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1616650-bayan-esentaeva-aqtobelik-oqushy-qyzdy/

pixel