1616313 Қазақстан цифрлық даму жөніндегі әлемдік рейтингте 50-ші орында тұр. | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Саясат

Назарбаев: Халыққа телефонды дұрыс пайдалануды үйрету керек

Цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық экономика құру үшін осы салада халықтың сауаттылығын арттыру қажет екенін айтты.

Назарбаев: Халыққа телефонды дұрыс пайдалануды үйрету керек

«Цифрлық экономика құру үшін цифрлық сауаттылықтың болуы өте маңызды, адамдардың дағдысын көтеру қажет. Алысқа бармай-ақ қояйын, Ресей мен Қазақстанда бұл жайында біле ме? Жоқ.

Тіпті біз енгізгіміз келіп отырған технологияларды пайдалануды білмейді. Үйрету қажет. Смартфонды қалай пайдалану керектігін де үйреткен жөн.

Сондықтан бізде жұмыс өте көп. Әлі жиі айтып, жиі түсіндіріп, оқытуымыз керек. Мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге дейін қайта қолына кітап алып, бұған дейін оқытпаған дүниелерді меңгеруге күш салу керек», - деді елбасы Назарбаев.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында ұрылармен төбелескен шенеунік жансақтау бөліміне түсті

«Біздің буынның, тіпті орта буынның цифрландыру жайында мүлдем түсінігі болған емес. Университетті бітірдің, диплом қалтада, жүре беретін де уақыт болған. Қазір ондай кез емес.

Адам табиғатынан бейімшіл. Әсіресе, қазақстандықтар бейім келеді деп санаймын. Барлығы қазақстандықтардың математика мен физикадан мүмкіндіктері жоғары екенін атап өтуде. Олар көптеген халықаралық олимпиадада жеңіске жетіп жатыр», - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан цифрлық даму жөніндегі әлемдік рейтингте 50-ші орында тұр.

Дереккөз: BAQ.KZ
Мақалада: Назарбаев

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 3

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .