1616092 Төбелес шығарған жұмыссыз келіншектерге полиция қомақты айыппұл салды | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Ақтөбеде баласын жұбата алмаған келіншекті көршілері сабап тастаған (фото)

Ақтөбе қаласының тұрғыны Айсұлу Айтмұрзаева сотқа апелляциялық шағым түсірген. Ол өзіне міндеттелген айыппұлды төлей алмайтынын айтып, соттан жəбірленуші ретінде тануды сұрайды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ақтөбеде баласын жұбата алмаған келіншекті көршілері сабап тастаған (фото)

Зардап шеккен келіншек. Фото: NUR.KZ

"Оқиға 16 тамыз күні болды. Екі жəне бір жастағы екі баламмен аулада есік алдында отырдым. Қасымызға көрші апай жасы менен сəл кіші қызымен келіп жайғасты. Балам жылап отырған. Қызы жақтырмай "Қойшы, шуламай, не істеп отырсың балаңды жылатып? Демалайықшы, мына бала қоймады" деп қатты сөйледі. Мен оған "Өзіңнің балаң жылаған жоқ па?" деп ескерту жасадым. Ол "ауызыңды жап" деді. Арты айқай-шу, төбелес болды. Баламды көтеріп отырған мені жағымнан алып, бетімді тырнап тастады. Соңында шыр айналдырып, шешесі екеуі жабылып сабады. Мен де қорғану үшін қарсылық таныттым. Көршінің ұлы келіп бізді ажыратып, шешесі мен апасын үйіне алып кетті", - дейді Айсұлу  Айтмұрзаева.

Екі баласын құшақтап аулада таяқ жеп қалған келіншек полиция шақырған. Екі көрші де полиция бөлімшесіне барып, бір-біріне қарсы арыз жазған. Көрші əйелдерге қатысты іс сотқа жетіп, көшеде шу шығарғандарға қомақты айыппұл салынған. Баласын жұбата алмағаны үшін таяқ жеп қалған келіншек өзінің жəбірленуші болғанын айтады. Айтуынша, айыппұл төлейтін ақшасы жоқ.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев туралы кезекті фильмге 900 миллион теңге бөлінбек

"Мен сол кезде полицияны көмек сұрап шақырдым. Олар маған айыппұл төлеуді міндеттеп жатыр. Мен үш баламен үйде отырған адаммын. Ол ақшаны төлейтін менің жағдайым жоқ. Маған екі адамды балағаттадың деп екі айыппұл, оларға бір айыппұл салған. Мен апелляциялық шағым түсірдім. Мен өзім жəбірленуші болып отырып, мұндай айыппұл  төлеуге келіспеймін", - дейді Айсұлу Айтмұрзаева.

Ақтөбеде баласын жұбата алмаған келіншекті көршілері сабап тастаған (фото)

Ақтөбеде Болашақ ауданындағы төбелеске қатысқандардың барлығы медициналық тексерістен өткен. "Жеңіл жарақат алған" деген  қорытындылары бар.

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 21

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .