1613314 Балақай өлеңдерді бірінен соң бірі жатқа айтып беруде | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Қазақ ақындарының туындыларын жатқа білетін екі жастағы бүлдіршін желіні жарды (видео)

Қазақ ақындарының есімдерін ғана емес, олардың туындыларын да жатқа білетін бүлдіршін əп-сəтте көпшіліктің ықыласына бөлініп, Instagram жұлдызына айналды деп хабарлайды Newtimes.kz.

Желіде екі жастағы бүлдіршін Нұрсаяның қазақ ақындарының жырларын мүдірместен айтқан сəтінің видеосы пайда болды. Бүлдіршін алдымен əкесінің: "Қандай ақындарды білесің?" деген сұрағына "Қазақ ақындарын білемін" деп жауап беріп, артынша ақындардың есімдерін тізбектей шығады.

Тағы оқыңыздар: Кешегі жеңісінен кейін Қанат Исламның рейтингі қалай өзгерді?

Мұнан соң Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін", Ыбырай Алтынсариннің "Кел, балалар, оқылық" жəне Абай Құнанбаевтың "Əсемпаз болма əрнеге" атты туындыларын жатқа айтады. Мұны көрген желі қолданушылары балақайдың əрекетіне тəнті болып, Фариза Оңғарсынова сынды қазақтың мақтанышы болуын тіледі.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 28

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .