1593387 Бірнеше жерден пышақталған әйелдің мәйіті өз үйінен табылған | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Оқыс оқиғалар

ОҚО-да мектеп директорының орынбасарын өлтіріп кетті

Қазығұрт ауданында мектеп директорын орынбасарын пышақтап өлтіріп кетті. Қастандық 15 тамыз күні Тұрбат ауылында болған деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да мектеп директорының орынбасарын өлтіріп кетті

Көрнекі фото: vesti.dp.ua

Жәбірленушінің мәйіті өз үйінде табылған. Әйелге бірнеше рет пышақпен ауыр соққы жасалған.

Басылымның мәліметінше, жәбірленуші жергілікті мектептердің бірінде мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған. Оқиға орнында Қазығұрт ауданының АІІБ тергеу жұмыстарын жүргізді.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің көршісі тұтқынға алынған.

«Болған ақпарат Қазығұрт ауданының АІІБ-да Қылмыстық кодекстің 99 бабына сәйкес қабылданды. Жедел жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесінде жәбірленушінің өліміне кінәлі деп көршісі айыпталып отыр. Ол 1994 жылы дүниеге келген, жұмыссыз. Қазір уақытша қамауда отыр», - деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 8

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .