Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік ана қазақ тойларында сыңсу айтатындарды сынға алды

Опубликовано:

Шымкенттік ана ұзату тойларында сыңсу айтуды тоқтату қажет деп есептейді. Айтуынша, қызды қолдан ұзату емес, құдды бір өлімге шығарып салып жатқандай әсер қалдырады. Бұл туралы ойын шымкенттік тұрғын NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісіне айтып берді.

Екі қыз тәрбиелеп отырған Бағила Тәңірбергенова бүгінде сыңсу айтып, табыс тауып жүргендер тым артық кетіп жүр деп есептейді.

«Иә, түсінемін, сыңсу сонау ежелден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бірі. Бірақ кезінде ұзатылып бара жатқан қыз артынан ерген сіңлілерін немесе жеңгелерін ертіп алып, туыстарын аралайды. Сыңсу мәтінінде келін атанғалы тұрған ару өзінің өткен күндерін баяндай келе, ата-анасына алғыс ретінде ойын әнмен жеткізетін, қимай қоштасатын. Ал қазір ше?», - деп сөзін бастады Бағила Тәңірбергенова.

Тағы оқыңыздар: Төсекте ғашығын өзге жігітпен шатастырып алған қазақстандық ару жанайқайын жеткізді

«Бүгінде талай тойды көріп жүрміз, сағат тілі он екіге жақындағанда қызды ортаға шығарып, жерге ақ мата жайып тастап сценарий бойынша сыңсу айтатын әртіс онсыз да жүрегі дүрсілдеп, толқып тұрған аруды боздатады. Ол ол ма, ата-анасы мен туыстары да құдды бір «өлік» шығарып жатқандай өкіріп жылайды. Араларында амалдың жоқтығынан, жай образға кіріп, көзіне ерік беретіндер бар. Не қажеті бар оның? Оны қоя беріңіз, сол сәтті видеоға түсіріп, оны интернетте таратындар көбейіп кетті қазір. Өздерінше абырой санайды», - деді тұрғын.

«Жуырда бір туыстарымның тойында болдым. Отбасындағы үшінші қыз ұзатылып жатты. Айтылған сыңсу мәтінінің тым жүрекке ауыр тиетіні соншалық, жиналғандардың арасында еркектердің өзі жылап жүрді. Қазақ еркегінің көзіне жас алғанын қашан көрдіңіз? Сондықтан сыңсу айту дегенге мүлдем қарсымын. Түсінемін, көнеден келе жатқан салт. Ол кезде заман басқа еді. Ақ босаға аттаған келін төркініне балалы болғанша аяқ баспайтын. Ал қазір заман өзгерді емес пе?», - деген шымкенттік ана өз қыздарын ұзатарда сыңсу дегенді айтқызбаймын деп үзілді-кесілді қарсы болып отыр.

«Аллаға шүкір, екі қызым бойжетіп, тұрмысқа шығатын жасқа келді. Қыздарыма күн сайын ешқандай алып қашу емес, ұзатып беремін деп құлақтарына құйып келемін. Алланың қалауы ғой, әрине. Дегенмен ұзатыларда сыңсу айтуға жол бермеймін», - деп сөзін түйді Бағила Тәңірбергенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1592519-shymkenttik-ana-qazaq-toylarynda-synhs/

pixel