1590153 Тоқтарбек айқын басымдылықпен жеңсе де, төрешілер жеңісті қытайлыққа берген | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Спорт

Қытайдағы қазақ боксшының әділетсіз жеңілісі жанкүйерлердің наразылығын тудырды (видео)

Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан XIII кезекті жазғы жалпы қытайлық спартакиадасының бокстан барлық салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекесі өз мәресіне жетті.

Қытайдағы қазақ боксшының әділетсіз жеңілісі жанкүйерлердің наразылығын тудырды (видео)

Фото: vesti.kz

Ерлер арасындағы 75 келі салмақта Хубэй провинциясының спортшысы Вэн Инхаң және Шыңжаң автономиялық өлкесінің боксшысы, ұлты қазақ Тоқтарбек Таңлатханұлы қолғап түйістірді.

Ақтық бәсекені Қытайдың орталық телеарнасы CCTV-5 спорттық каналы тікелей эфирде көрсетті. Бес раундқа созылған жекпе-жекте Тоқтарбек қарсыласына жойқын соққыларын дәл тигізіп, айқын басымдылық көрсеткендігін байқауға болады.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық боксшы Альвареске Головкинді қалай жеңу керектігін айтты

Қытайлық коментаторлар Тоқтарбекті «айқын басымдылықпен жеңіске жетті» десе де, төрешілер жеңісті 5:0 есебімен Вэн Инхаңға берді.

Төрешінің ашық әділетсіздігіне қытайлық бокс жанкүйерлері өз наразылығын білдірді. Олардың басты ұстанымы басқа ұлттардың спорттағы жетістігін қақпайламай, олардың Қытай боксының дамуына қосқан үлестерін бағалау керек екенін айтуда.

Дереккөз: Vesti.Kz
Мақалада: Футбол

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 23

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .