1589353 Алматылық отбасы тоғайда тұрып жатыр | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Алматының Медеу ауданының тұрғыны Гүлмира Сабыржанова мен ұлы Әлімхан Танжанов қала сыртындағы тоғайда өмір сүруге мәжбүр. Анасы мен ұлының ағашты пана етіп, қаңғып жүргеніне бір аптадан асқан. Пәтерақы төлеуге қаржысы болмаған отбасыны үй иесі қуып шыққан деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Тоғайдағы отбасы. Фото: NUR.KZ.

«Біз бұрын өте жақсы тұрғанбыз. Мен дарынды балаларған арналған музыкалық мектепте оқып, қысқа метражды кинода басты рөлді сомдағанмын.

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Әлімхан түскен қысқа метражды фильм. Фото: Видеодан үзінді.

Анамды 2012 жылы біреулер тонап, басынан ұрып кеткен соң, есі ауып қалды. Содан бері айтқан сөзін ұмытып қалатын жүйке ауруына шалдықты. Өзім Алматыдағы колледждің бірінде программист мамандығына грантқа түскеніммен, отбасы жағдайыма байланысты екінші курстан тастап кеттім. «Әке-шешең жынды болса байлап бақ» дейді ғой.

Тағы оқыңыздарАстаналық турфирма клиенттердің 10 миллион теңгесін қолды қылған

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Гүлмира Сабыржанова соққыға дейін және қазіргі кезі. Фото: NUR.KZ

Анам дені сау кезінде бізді арқалап жүріп жеткізді, енді оны «ауру екен» деп тастап кете алмай, осындай халге жеттік. Жұмысқа тұрып, аз-маз ақша тауып, пәтер жалдап тұрдық. Қысқартуға ұшырап, қаржы таппағаннан кейін үй иесі пәтерінен қуып жіберді», - дейді Әлімхан Танжанов.

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Әлімхан Танжанов отбасылық бақытты күндерінен қалған суреттерін көрсетуде. Фото: NUR.KZ.

Әлімханның сөзінше, артынан ерген кіші інісін отбасылық жағдайына байланысты «Перзент» балалар үйіне өз қолымен өткізген.

«2010 жылы туған Әлімжан деген інім бар. Туа бітті жүрегінде ақау пайда болды. Оған дәрі алмақ түгіл тамаққа ақша таппайтын күніміз көбейген соң амал жоқтан балалар үйіне өткіздім. Әлімжанды көрмегелі де біраз уақыт өтті. Іздеп барсам тәрбиешілер: "ініңді алып кет, ауру, бәлеге қалғымыз келмейді" дейді.

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Әлімхан туған інісі Әлімжанмен 2012 жылы түскен сурет. Фото: NUR.KZ.

Мұнда бізбен жүрсе өліп қалады ғой. Балалар үйінде ең болмағанда тамағы тоқ. Біздің ыстық тамақ жемегенімізге бір айдан асып кеткен шығар. Ел- жұрттың берген нанын жеп, қара су ішіп күн көріп жатырмыз», - дейді жас жігіт.

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Танжановтар отбасысы паналайтын қала сыртындағы тоғай. Фото: NUR.KZ.

Мен жұмыстан қашпаймын

Әлімхан күндіз көлік жуып, түнделетіп күзетші болып та жұмыс атқарған. «Жұмыстан қашпаймын» деген жігіт анасын қалдыратын жер таппай қолының байлаулы болғанын алға тартты.

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Әлімхан Танжанов. Фото: NUR.KZ.

«Пәтерде тұрсақ үй иелері маза бермейді Шешең жынды, көзін құрт деп. Алматыдағы барлық ауруханаға қараттым, әкімдіктің табалдырығын тоздырдым ешкім ауру анамды қабылдамайды. Анда бар, мында бар деп бос сенделтіп қойды. Үй мен жер кезегінде тұрмын.

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Әлімханның Алматы әкімдігіне жер кезегіне тұрғандығы жөніндегі құжаты. Фото: NUR.KZ.

Тіпті, анама жәрдемақы да алмаймыз. Себебі, барлық құжатын ұрлап кетіп, қалпына келтіру үшін Ақтөбеге бару керек деді. Оған қаржы қайдан? Мен жалғыз болсам сұранып әскерге кетсем де өлмеймін. Анама обал. Әкімдік кішкене жер берсе, батпақтан болсын үй соғып, інімді де қолыма алар едім. Баспананың жоқтығынан осындай қалге жеттік. Біраз болды жуынбағанымызға. Түріме қарап ешкім жұмысқа алғысы да келмейді", - деп жылап жіберді Әлімхан.

Тағы оқыңыздар: Кулагинның ұлы Алматыда аудан әкімі болып тағайындалды

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Танжановтар отбасысының төрт мезгілдік киімдері де далада шашылып жатыр. Фото: NUR.KZ.

Ауру әйел өзінің ісініп кеткен бет аузын көрсетіп, «дәрі беріңдерші басым ауырып тұр» деумен болды.

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Гүлмира Сабыржанованың күйеуі осыдан бірнеше жыл бұрын Ресейге жұмысқа кеткен. Содан бері хабар жоқ. 

Алматылық актер ақылынан адасқан анасын бағу үшін тоғайда тұрып жатыр (фото, видео)

Танжановтар отбасысы. Фото: Жеке мұрағаттан.

Азып-тозып кеткен отбасы билік өкілдерінен бос сөз, құрғақ уәде емес аналарын ауруханаға жатқызып, көмектессе деп отыр.

Егер бұл отбасына көмек қолын созам десеңіз мына нөмірге хабарласаңыз: 8707-327-32-06

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 269

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .