1585463 Асқар Жанкин жазасын айыппұлмен өтейтін болды | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Саясат

Екі миллион теңге парамен ұсталған "Қазақавтожолдың" басшысы абақтыдан босап шықты

Петропавл соты «Қазақавтожолдың» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы басшысына үкім кесті. Кезінде екі миллион теңге парамен ұсталған Асқар Жанкин енді соны 119 миллион қып айыппұл ретінде қайтаруы тиіс. Есесіне абақтыдан босап шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Екі миллион теңге парамен ұсталған "Қазақавтожолдың" басшысы абақтыдан босап шықты

Көрнекі фото: gosrf.ru

Ағайын-туыстың шапалақ ұрғаны судьяның шамына тисе керек, ол тіпті оқып тұрған үкімін тоқтатып қойып ескерту жасады. Ал олардың мұнша қуанғанына қарағанда, Асқар Жанкин айыппұлды оңай төлеп тастайтын қаржысы бар сияқты.

Тағы оқыңыздар: Концерттегі шу: Төреғали мен Еркенің фанаттары Ақтөбе сахнасын басып алды (фото, видео)

Естеріңізге салсақ, «Қазавтожол» акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Жанкин биыл қыста екі миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Бұл ақшаға Жанкин Астана –Петропавл тас жолын салып жатқан мердігердің біраз былығына көз жұма қарауға уәде еткен.

Соттың алғашқы отырысында- ақ бар кінәсін бірден мойындаған ол ешкімнен жауап алмай, судьядан тезірек үкім шығаруын сұраған-ды. Бұдан былай Жанкин өмір бойы мемлекеттік қызметке алынбайтын болды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Дереккөз: КТК арнасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 11

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .