Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаев: "Найнти уан" жігіттерін көшедегі бес адамның екеуі ұрып кеткісі келеді

Опубликовано:

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев атышулы Ninety One тобына қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл топтың мүшелері тіпті көшеде емін-еркін жүре алмайды. Себебі оларды ұрып кеткісі келетіндер аз емес. Бұл туралы ол "Жұлдыз ТВ" арнасына берген сұхбатында айтты.

"Танымалдылықтың пайдасы көп қой. Әрине ол қандай танымалдылық? Мен ойламаймын көшеде "Найнти уан" емін-еркін жүреді деп. Ондай танымалдылықтың керегі жоқ. Бес адамның екеуі ұрғысы кеп жүреді. Ондай тығылып, қысылып-қымтырылып жүрген танымалдылық  өнер ме?!", - деген ол өзін талай жерде құрметтеп, ел төбесіне көтерген сәтттерін де еске алды.

Тағы оқыңыздар: Туыстары өлді деп хабарлаған тағы бір қазақстандық тірі болып шықты

"Танымалдылықтың әртүрлісі бар ғой. Құдайға шүкір, танымалдылығым көп жерде көмектесті. Гаи-де, ұшақпен ұшарда құжатымды ұмытып кетіп, оған түсіністікпен қарап жататындар көп. Мысалы, ауруханаға жатқанда елдер танып, көп көмек көрсетіп жатты. Білемін, келесі палатада танымал емес бір адам жатыр, оған дұрыс қарап жатпағанын.

Дүкенде кезексіз өткізіп жіберетін  кездер, жанармай құярда тегін беріп жіберетін танымалдылықтың осындай әдемі сәттері бар. Әуелі Аллаға, одан ұстазыма, қара домбырама рақмет", - деп әзілдеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1573363-meyrambek-bespaev-naynti-uan-zhigitte/

pixel