Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 мың доллар: Тұрсынбектің гонорары бәрінен асып түсті

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында тойға шықпайтын жұлдыз кемде-кем шығар. Әншілердің тойға шығу бағасының құны да осал болып тұрған жоқ. NUR.KZ порталы тойға ең жиі шақырылатын әнші мен асабалардың бір күндік гонорарының құнын білген еді.

Сонымен, еліміздегі ең гонорары қымбат өнер адамы – Тұрсынбек Қабатов. Әзілкештің бас аяғы бес сағаттық тойыңызды басқарып беру құны -$15000 тұрады. (4890000 теңге). Қабатовтың көмекшісі Тұрсынбек мырзаның қыркүйек айында ғана той кестесі бос екенін айтты.

Қазақстанға  ғана емес, барша ТМД-ға танымал Қайрат Нұртастың бір тойда екі-үш ән айтуы -$7000,(2282000 теңге). Алматыдан басқа қалаға шақырар болсаңыз ұшақ билеті мен қонақ үйінің ақшасын да төлейсіз.

Шығыстың биі мен әнін тамылжытатын Бүркіт пен Айшаның жарты сағат өнер көрсетуінің құны - $7000,( 2282000 теңге).

Тағы оқыңыздар: Ауыр дертті жеңген қос ғашықты клипіне түсірген Ернар Айдар көпшілікті жылатты (фото, видео)

Жақында ғана қызды болған Қарақат мен Қыдырәлінің дуэті- 7000$ ( 2282000 теңге), ал Қарақаттың өзін бөлек қыз ұзатуға шақырғыңыз келсе – $5500, (1793000 теңге). Одан бөлек әншінің өзге қалаларға барып-келу билеті, тұратын қонақ үйін көтеріп аласыз.

"Ақ ботам" деп әндетіп талай қызды ұзатып жүрген Жазира мен жары Жанболаттың гонорары - $5000, (1630000 теңге)

Шоу-бизнестегі ең көрікті әншілердің бірі Мәдина Сәдуақасованың 40 минуттық өнері- $4,100, (1336600 теңге). Бұдан бөлек, Алматыдан өзге қалаларға екі адамға бірі бизнес, екіншісі эконом класстан барып – келуге ұшақ билеті. Бірі люкс, екіншісі эконом класстың қонақ үйінен бөлме дайындайсыз.

Тағы оқыңыздар: Отандық миллионер қоластындағы жалқау футболшыларды қатаң сынға алды

"Анда барам жоқ, мында барам жоқ" деп сүйіктісін іздеп жүрген Ерке Есмаханның тойдағы 40 минуты - 1 миллион теңгені ($3,100) құрайды.

Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиевтің тойыңызды басқаруы Тұрсынбектен әлдеқайда арзанға шығады. Нұржанның билетін алып, қонақ үйін жалдаудың қажеті жоқ. Гонорарының құны- $4000, (1304000 теңге) құрайды.

Атышулы "Кешью" тобының қыздары 40 минут бойы әннен шашу шашқанын 1 миллион теңгеге бағалаған, ($3,100).

"Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын" әнінсіз қай тойдың болсын өтпейтіні белгілі. Абай мырза жұлдыздан бөлек, бұл әнге қанша ақша санайды екен деушілер көп шығар. Сонымен, Абай Бегейдің алты бірдей ән орындауы- 1 миллион теңге, ($3,100). Әнші гонорарын өзге әншілер секілді көк қағазбен емес, төл теңгемен алады екен.

"Чип-чип" әнімен талай құдашаларды билететін Асхат Тарғын өзге әріптестеріне қарағанда гонорарының құнын қатты өсіре қоймаған, Асхаттың бір реттік гонорары-  $2000, (652000 теңге). Одан бөлек өзге қалаларға барып келу билеті мен екі адамға арналған қонақ үй құнын төлейсіз.

Тағы оқыңыздар: Арман мен Аша көпшілікке көрсетпеген сәбилерін алғаш рет ел алдына алып шықты (фото)

Кейінгі кезде қыз ұзатуға шығып жүрген айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның гонорары – 500 мың теңгені құрайды. Ал қызды кіргізу мен ұзатуды қатар орындайтын болса - $2000,(652000 теңге).

Айнұр ханымның да ұшағының билеті мен қонақ үй ақысын той иелері төлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1566144-15-mynh-dollar-tursynbektinh-gonorary-bar/

pixel