Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 97 жастағы соғыс ардагері үшінші рет үйленетін жар іздеп жатыр (фото)

Опубликовано:

Алматы облысында сұрапыл соғысты бастан өткерген 97 жастағы майдаргер Петр Чеболенко Лукич үшінші рет отау құру үшін жар іздеп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Ардагердің бұрыңғы екі әйелі де ауыр сырқаттан көз жұмған. Бес жыл бойы жалғыздықтың азабын көрдім деген ақсақал өзіне замандас іздеуге бел буыпты.

«Әйел іздегеніме біраз болды. Маған жасы 60 пен 80 арасындағылар керек. Еріккенен іздеп жатқаным жоқ. Шүйіркілесіп шай ішіп, бір-бірімізге сүйеу болсақ деймін. Құдайға шүкір,  денім сау, салаутты өмір салтын ұстанамын. Тауға шығып, аңға барып, апта сайын балық аулаймын»,- дейді Петр Чеболенко.

Тағы оқыңыздар: Әйгілі Николас Кейдж Астанаға келді (фото)

Қарияның өзіне жар болам деген кейуаналарға қоятын бірнеше талабы бар.

- Тазалық пен ұқыптылықты жаным сүйеді. Сондықтан да әйелдердің жинақы жүргенін қалаймын. Ақша жағынан қам жемесін. Үш адамды асырауға жағдайым бар. Өзім көлік жүргіземін. Аптасына бір рет табиғат аясына барып демаламыз. Маған хабарласқан әйелдер азаматтық некеде тұрайық дейді. Маған ондай көңілдес керек емес. Некемізді заңды түрде тіркетіп, әркез жанымнан табылатын әйел қажет. Егер үйленетін болсам, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тойды өзім жасап берем деп сөз берген. Үйленіп жатсақ дүркіретіп той да жасаумыз мүмкін, - деді майдангер Петр Лукич.

Жасы жүзге жақындаған шағында жар іздеген ақсақалдың ісін бала-шағасы да қолдап отыр.

«Әкеміздің денсаулығы, мінезі де жақсы. Бір күн бос жатпайды. Уақытын өте тиімді пайдаланып, бәріне үлгеруге тырысады. Бір ұлы мен үш немересі бар. Ауылдың сыйлы азаматы. Үйленемін деген сөзіне қарсы болмадық. Себебі, жалғыздық құдайға ғана жарасады. Әкемізге демеу болып, жаңа жарымен бақытты ғұмыр кешуіне барынша көмектесеміз. Кейбіреулер "аталарың  ақылан алжасып қалған шығар" деп сұрайды.  Ақыл есі түзу, арақ ішпейді, темекі тартпайды»,- деді майдангердің келіні.

Соғыс ардагері ауыл арасында және аудандағы шаруасын тындыруға «Нива» көлігін тізгіндеп өзі жүреді. 60 жыл көлік жүргізген қария бір рет те жол ережесін бұзбағанын айтып мақтанды. Жақын күндері Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі берген жолдама бойынша Алматы облысы Текелі қаласындағы шипажайға дайындалып жүрген қарияның замандасын сол жақтан жолықтырып қалам ба деген үміті де жоқ емес.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында сегіз жасар қызды зорламақ болған азамат сот алдына келді

Тағы бір айтар кетерлігі,  ағымдағы жылдың қазан айында жасы 97-ге келетін Петр Лукич әлі күнге дейін құралайды көзден атқан мерген екен. Аңшылық пен балық аулауға шықса  қолы бос қайтпайтын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1562066-almaty-oblysynda-97-zhastaghy-soghys-ardag/

pixel