Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі ұлын отбасын тастап кетті деп сөккендерге жауап берді

Опубликовано:

Отандық композитор, Баян Есентаеваның болашақ қайын атасы Тұрым Алагөзов ұлының жеке өміріне араласып, шешіміне наразылық танытқандарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол өзінің желідегі парақшасына жазба қалдырып, әке мен бала туралы пікірімен бөліскен.

"Отбасы мен балалардан артық ешнәрсе жоқ. Балалардың осыны түсінбейтіні қиын. Уақыт өте келе олардың да өз балалары болады. Олар түсінеді. Бірақ кеш болады. Олар өз әкелерінің қасірет шеккені үшін жауап береді", - дейді ол.

Бұл жазбадан соң оның ұлын отбасын тастап кетті деп айыптағандар арта түсіп, желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырған.

Тағы оқыңыздар: Димаштың концерті сапасыз өтті деген тыңдарман оған елден кетуге кеңес берді (фото)

"Бір айтарым: Ұлым не бүлдірсе де, бұл - оның шешімі. Мен оның шешімін үнемі қолдайтын боламын. Ол - менің ұлым, сондықтан мен тек ұлыммен біргемін. Осыны есте сақтаңыз. Тіпті оны елдің бәрі сөгіп жатса да (оларға түкіргенім бар), мен оның жанында боламын.  Алагөзовтер бір-бірін ешқашан сатпайды.

Заң оның жағында болмаған күннің өзінде солай болып қалады. Ал менің ұлым болса, заңға қайшы ешнәрсе істеген жоқ", - деп жауап берді ол өзін сөккендерге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1539937-tursynghali-alagozovtinh-akesi-ulyn-ot/

pixel