Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша Матай жарнамалаған балалардың "халал" тағамы үшін алматылықтар жаға жыртысты

Опубликовано:

NUR.KZ оқырмандары редакцияға Алматыдағы "Доромарин" компаниясының кеңсесінде "халал" балалар тағамына арналған акция барысында кезекке талас үшін болған төбелес видеосын жіберді.

Компания өкілдері кезек үшін болған таластың кеңселерінде болғанын растағанымен, адамдардың бір-бірімен төбелесуі тегін тамақ үшін бе деген болжамды жоққа шығарды.

Сондай-ақ, марка өкілдері ресепшн қызметкерлерінің төбелеске қарамастан балалар тағамы бар құтыны не себепті таратып жатқандарын түсіндіруден бас тартты.

Аталған оқиғаның не себепті болғанын түсіндірулерін табанды түрде сұраған соң, Доромарин маманы тұтқаны тастай салды.

Тағы оқыңыздар: Байқамай сындырып алған білезігінің бағасын естіген әйел талып қалды (видео)

Доромарин маркасының даулы акциясынан бөлек, бұл өнім Instagram парақшасында Аша Матайдың жарнамасымен танымал. Жарнамада Доромарин балалар өнімінің "халал" екені айтылады. 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1539804-asha-matay-zharnamalaghan-balalardynh-kha/

pixel