1533973 Ол "махабатты қалайтынын" айтып, әйелге тиісе бастаған | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Оқыс оқиғалар

"Махаббатқа шөлдеп жүрген" қостанайлық қаңғыбас көшедегі балалы келіншекке тап берді

Марина Редчина есімді Қостанай тұрғыны өзіне бомждың тап бергені туралы мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Махаббатқа шөлдеп жүрген" қостанайлық қаңғыбас көшедегі балалы келіншекке тап берді

Көрнекі фото: sokura.livejournal

"Оқыс жағдай бейсенбі күні болды. Таңғы сегізде мен қызымды балалар бақшасына апара жатқанмын. Алтынсарин-Шевченко көшелерінің қиылысында маған бомж тап берді. Ол менен ақша тартып алуды көздемеді. Абырой болғанда балам екеуіміз одан қашып құтылдық. Ол "махабатты қалайтынын" айтып, менің әуретті жерлеріме қол жүгіртпек болды", - дейді Марина.

Тағы оқыңыздар: Жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен павлодарлық қыз бен жігіт қамауға алынды

Әйел қарсылық көрсетіп, одан сытылып кеткен.

"Мен одан қашып құтылып үлгердім. Дегенмен мұндай жайт өмірімде мүлде болмағанын қалар едім. Бұл қорқынышты әрі жиіркенішті", - дейді әйел.

Марина бірден полиция шақыртып, тәртіп сақшылары 15 минутта жетіп келген. 

"Бомж әрине ізін суытып үлгерді. Полицейлер оны таппай қалды. Бомждардың да адам екенін айтатындарға таңым бар. Олар үшін қасиетті ештеңе қалмаған деп ойлаймын", - деп күйінді Марина.

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 15

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .