Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ләйлә Сұлтанқызы "Балапанды" отбасылық бизнесіне айналдырды

Опубликовано:

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Балапан» телеарнасын бес жыл бойы басқарған Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен кетті. Оның орнына «Балапанды» құрып, оған алғашқы жылдары басшылық еткен Жанар Шәмел келді. Алайда бұл мәлімдеменің астарында ұзаққа созылған интрига бар деп жазады  "Серке" басылымы.

"Серке" басылымында "«Балапан»: Ләйлә Сұлтанқызының өзі кетсе де, көзі кеткен жоқ" атты мақала жарияланды.

Мақала авторының жазуынша, Ләйләнің орнына келген Жанар Шәмел бала күтімінен кейін қызметіне қайта оралған. Мақалада 2012 жылы бала күтіміне байланысты еңбек демалысына кеткен Жанар Шәмел екі-үш жылдан бері өзіне заң бойынша тиесілі қызметіне келе алмай жүргені де айтылған.

"Жанар Шәмел өзіне тиесілі қызметке келе алмай мысы құрып жүрген. Осы жылдың басында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының президенті қызметіне Ерлан Қарин келген соң, Жанар Шәмел өзінің қызметін қайта талап ете бастады. Оның талабы заңды болатын", - деп жазылған басылым бетінде.

Serke.org сайтының жазуынша, Ләйлә Сұлтанқызы "Балапан" телеарнасын отбасылық бизнес көзіне айналдырған.

Мақалада келтірілген деректерге сәйкес, 2000 жылдардың басында «Шаһар» және «ХитТВ» телеарналарында продюсер болып қызмет атқарған ол 2008 жылы телеарналардан тендер ұтып, сол ақшаға телевизиялық бағдарламалар дайындайтын «KazMedia Mobile» ЖШС құрған.

"Ол «өзінің жекеменшік фирмасына тендер беретін басшы» атанбас үшін жылдамдатып «KazMedia Mobile» фирмасын інісі Бейбіт Долмахаевтің атына ауыстырып жіберді. Медиа саласына монополия ауқымының кең етек жайғаны соншалықты, соңғы бес-алты жылдан бері «Балапан» телеарнасынан көрсетілетін бағдарламалардың бәрін «KazMedia Mobile» ЖШС жасап келеді, - делінген мақалада.

Сонымен бірге, мақала авторы Ләйлә Сұлтанқызының туысшылдығы "Балапан" телеарнасына кері әсерін тигізгенін де тілге тиек еткен.

"Шымкенттің тумасы Ләйлә Сұлтанқызы туысшыл, бауырмал, кішіпейіл, ақкөңіл болып көрінеді. Шындығында да сондай шығар. Бірақ оның бұл қасиеті де «Балапанға» кері әсерін тигізіп жүр.

Мысалы, телеарнаның тапсырысы бойынша мультфильмдер дайындау ылғи шымкенттік фирмаларға беріліп келді. Қазір де телеарнада «KazMedia Mobile» фирмасы билеп-төстеп тұрғандықтан бұл үрдістің жалғаса беретіні анық", - дейді мақаланы жазған Берік Мыңжасар.

Бұдан бөлек, аталған мақалада Ләйләнің ұлының "Балапан" телеарнасында тележүргізуші болып жүргені сыналған.

"Ләйлә Сұлтанқызының «Балапанды» билеп-төстеп алғанын мына жағдайдан да көруге болады. Мысалы, қазір оның ұлы бала блогердің кейпінде «Балапанда» бағдарлама жүргізеді. Бағдарламаның сапасы сын көтермейді. Себебі, бағдарлама жүргізушісіне кастинг арқылы іріктеу жасалмағаны көрініп тұр", - дейді автор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1529765-baq-layla-sultanqyzy-balapandy-otbas/

pixel