1527977 Павлодарлық бойжеткен арбаға таңылған азаматқа тұрмысқа шықты. | Қазақ тіліндегі бет ➨ NUR.KZ бойынша Толығырақ Қоғам

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Туа бітті сал ауруына шалдыққан азаматпен шаңырақ көтерген Павлодар қаласы, Ертіс ауданының тұрғыны Анна Стельмахович бақытты өмір сүріп жатқанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Жастар бір-бірін ғаламтор желісі арқылы тапқан.

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Ессіз махаббат

Анна Стельмахович ұзақ уақыт жалғыздықтың зардабын шектім дейді. Тіпті, мектеп қабырғасында жүргенде өзге балалармен сыйыспай, үнемі ұрсысып қалатын көрінеді.

"Маған жігіттер көз салмақ түгілі жөні түзу сөз де айтпайтын. Сыртқы келбетіме қарап, ұл сияқтысың деп көбісі кекетіп, мазақтайтын. Мен де адаммын. Шын ғашық болып, сүйгім келді. Құдайдан нағыз махаббатты күні-түні жалынып сұрайтынмын. О, жаратушы маған қолы жоқ, көзі көрмеген адам болсын, мені шын сүйетін, осы кейпіммен қабылдайтын адамды жолықтыр деп. Жаратушы тілегімді қабыл алғанына разымын", - дейді Анна.

Тағы оқыңыздар: Талдықорған тұрғыны өзгелерді құтқару үшін өз өмірімен қош айтысты

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Ғаламторлық сезім

Анна өмірде таппаған махаббатын ғаламтордан іздегенін жасырмайды.

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

"Танысу парақшаларына кіріп отырып, көзілдірікті жігітке көзім бірден түсті. Оның жанары мені қатты баурап алды. Тәуекелге бел буып, бірінші болып хат жаздым. Алғашқы уақытта дос ретінде әңгімелестік. Мен ішімдегі жан сырымды Григорийге ақтаратынмын. Тіпті, өзге жігіттердің де мазағын жасырмай айттым. Бір күні Григорий маған арнайы бейнеролик дайындап жіберіпті.

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Видеоны қарасам ол үшін мен «ең сұлу, әлемдегі керемет жан екенін айтқан, тіпті мені барлық кемшіліктеріме қарамастан, сүйетінін де жеткізген». Шыны керек мен мұны күтпедім. Өзімді өзім ұстай алмай, ұзақ уақыт жыладым. Себебі, мен де оны іштей ұнатушы едім. Осылайша біздің ғаламторлық сезіміміз ұлғайып, нағыз махаббатқа айналды. Ол - Ресейде, мен - Қазақстанда болсақ та күн сайын әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп, тұрдық. Бір күн сөйлеспесек ас батпайтын халге жеттік десем де болады", - дейді Анна.

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Шындықты айту қиын болды

Ресейдің Белгород қаласының тумасы Григорий Прутов туа бітті сал ауруына шалдыққан. Қазір жасы 27-де болса да, бойы бір метрге жетер жетпес, салмағы -20 келі. Мүгедектер арбасына таңылған. Өздігінен отыра да, тіпті тамақтана да алмайды.

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

"Мен денсаулығыма қарап сұлу жар алып, отбасы құрам деген ой еш ұйықтасам түсіме кірмеген нәрсе. Қазір менен бақытты жан жоқ. Сүйіктім қасымда. Аннаның бойындағы ерекше қасиеттерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол өте мейрімді, адал жан. Анна үшін жүректің тазалығы мен шын пейіл бірінші орында. Мен әлеуметтік желіде тіркелген кезде жеке парақшама мүгедек екенімді жазғанмын.

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Бірақ туа бітті сал екенімді көрсетпеген болатынмын. Аняны сүйіп қалып, оған тұрмысқа шықшы деп айтуға екі жыл бойы дәтім бармады. Себебі, сұлу қызды қор қылғым келмеді. Екеуміз бір-бірімізсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге жеткен кезде мен Аняға бар шындықты жайып салдым. Ойладым, ол менен теріс айналатын шығар деп. Жоқ. Сүйіктім менің кемістігіме қарамастан, өмір бойына бірге болуға дайынмын деді", - дейді азамат.

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Қос ғашық үйлену тойларын дүркіретіп жасап, туыстарының ақ батасын алған.

Туыстардың қарсылығы

Аннаның туыстары мүгедек жігітке тұрмысқа шығуына әу бастан-ақ қарсы болған.

"Мен бұл жағдайды алғаш рет естіген кезде таң қалдым. Қалай дені сау қыз, мүгедекті сүйіп қалады?

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

"Аннамен бірнеше рет сөйлесіп, "денің сау, төрт мүшең түгел, саған отбасыны асырайтын өз теңіңдей жігіт керек" дедім. Сіңлім сөзіме ренжіп, бірнеше күн бойы сөйлеспей қойды. Бір күні тұнжырап жүретін Анна жігіті Григориймен сөйлескен кезде, жадырап, жайнап кететінін байқадым. Сонда ғана түсіндім, сіңлімнің бұл жігітпен шынымен бақытты бола алатынына. Анна дұрыс шешім қабылдады" , - дейді бойжеткеннің әпкесі Татьяна Авденко.

Тағы оқыңыздар: Бибігүл Төлегенова байыса 4-5 бала туған әйелін тастап кететін қазақтарды сөгіп тастады

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Фотолар Григорий мен Аннаның жеке мұрағатынан алынды

Анна мен Григорий 2014 жылы некелерін қидырып, заңды түрде ерлі-зайыпты атанды. Жас жұбайлардың басты арманы - бала сүю. Анна болса, Григориймен өткен әр уақытын «нағыз бақытты күнім» деп санайды.

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

"Елдің бәрінің ойы - Григорий ауқатты. Сол байлыққа қызығып тұрмысқа шыққан деп. Немесе мүгедекке жаны ашып үйленген деген сынды жағымсыз пікірде. Шын мәнісінде Григорий менің жанымды жұбатып, тыныштандырған азамат. Мұндай сүйіспеншілікті мен төрт мүшесі сау жігіттен де көрмедім. Гришамен бір күн сөйлеспесем, мен сол күні өмір сүрмеген секілді сезімде боламын. Бізде бір ғана қорқыныш.

Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Осы бақытты күндеріміз уақытынан бұрын аяқтала ма деген. Себебі, Гришаның денсаулығында кінәрат бар. Ал, мен өз таңдауыма өмір бойына өкінбеймін",- дейді Анна Стельмахович.

Дереккөз: Nur.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, мына пернелерді басыңыз Ctrl+Enter немесе Cmnd+Enter


Қандай әсердесіз

Пікіріңіз үшін рақмет

Сіз дауыс беріп қойдыңыз

Тағы оқыңыздар

Загрузка...


Пікірлер 42

Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны NUR.KZ интернет-порталының редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз қалдырылған комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейміз. Өтініш: сайттағы сақтаңыздар тәртіпті .